» » Бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Ещанова Айымгүл Келмағанбетқызы

Бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Ещанова Айымгүл Келмағанбетқызы

Ещанова Айымгүл Келмағанбетқызы – 1971 жылы дүниеген келген. 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 

Медицина саласындағы еңбек жолын 1997 жылы балалар емханасында акушер гинеколог жұмысынан бастаған. Одан кейінгі еңбек жолы:
- 1977-1999 жылдары Қазалы аудандық ауруханасы балалар емханасында дәрігер акушер гинеколог;
- 1999-2014 жылдары аудандық емханада дәрігер акушер гинеколог;
- 2014 жылдан бастап бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
ЕщановаА.К. – білікті, сауатты, ұйымдастыру қабілеті жоғары деңгейдегі маман. Білімін үнемі іздену, оқу арқылы жетілдіріп келеді. 2012, 2013, 2015 жылдарында Алматы, Ақтөбе, Қызылорда қалаларында білім  жетілдірген. Атап айтқанда:
– 2012 жылы М.Оспанов атындағы БҚММУ-нде «Әйелдер кеңесіндегі емдік-профилактикалық көмек пен жұмысты ұйымдастыру»  мамандығы бойынша 216 сағаттық;
– 2012 жылы Қызылорда қаласында «Жанұяны жоспарлау» тақырыбы бойынша 54 сағаттық;
– 2012 жылы Қызылорда қаласында «Медициналық ұйымдардағы ішкі аудит қызметін жетілдіру» циклы бойынша 54 сағаттық 
– 2012 жылы «Палитра возможностей ЗГТ» тақырыбы бойынша Қызылорда  қаласында өткен ғылыми-тәжірибесіне қатысқан.
– 2012 жылы Ақтөбе қаласында өткен «Кольпоскопия в ранней диагностике патологии шейки матки» тақырыбы бойынша мастер класс білімін жетілдірген.
– 2012 жылы «Современные проблемы репродуктивной медицины» тақырыбы бойынша ІІІ ҚазақстанХалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқан
– 2014 жылы Қызылорда қаласында «Охрана репродуктивного здоровья и планирование семьи» тақырыбы бойынша тренингке қатысқан.
– 2015 жылы Қызылорда қаласында «Эффективный антенатальный уход. Инструменты ВОЗ оценки качества антенатальной помощи женщинам и новорожденным» тақырыбы бойынша 54 сағаттық білім жетілдіру курстарын оқыған.
Ол өзінің адал еңбегі, аудан халқына көрсеткен медициналық қызметі үшін – медцицина қызметкерлері арасында,  аудан тұрғындары алдында үлкен бедел иесі.
2013 жылдан бастап бірінші санатты дәрігер акушер-гинеколог. 
Еңбегіне қарай бірнеше рет марапатталған.
2005 жылы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Медицина қызметкерлері күні» мерекесіне орай ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталған.
2011 жылы Қазалы аудан әкімдігінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толу мерейтойына байланысты АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталған.
2014 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің  медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай «АЛҒЫС ХАТЫМЕН» марапатталған.
Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп өсірген үлгілі жанұя ұйытқысы.
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам