» » АИТВ жұқпасына қанды алу, сақтау және тасымалдау ережелері

АИТВ жұқпасына қанды алу, сақтау және тасымалдау ережелері

Қанды алу сатысында жүргізілетін жұмыстар:

пациенттен қан алу үшін дайындық жүргізу, биоматериалдың қажетті мөлшерін анықтау; қанды құятын пробирканы әзірлеу, қан үлгілерін тіркейтін №264/у нысандағы құжатты әзірлеу, пациентті тіркеу, пробирканы маркілеу, жолдама толтыру; қан үлгілерін және соған сәйкес құжаттарды зертханаға жолдау; сыворотканы айыру: биоматериалды сақтау тасымалдау.

Қауіпсіздік

Барлық медицина қызметкерлері биологиялық материалмен жұмыс жүргізгенде биологиялық жұқтыру қаупіне шалдығу мүмкін. Қан алу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау пациентке де медицина қызметкеріне де қатысты негізгі міндеттердің бірі болып саналады.

 

Қан алу қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті нәрселер: 1. Спирттелген салфетка немесе мақталы шарик, 2. Бір рет қолданылатын қолғаптар, 3. Залалсыздандыру құралдары, 4. Қолданылған материалдарға арналған биологиялық қауіпсіз контейнер.

Қан қан алатын вакуумды жүйемен алынады .

Қызыл қақпағы бар вакуумды қан алу жүйсіне байланысты:

Пациенттен қан алу ашқарынға немесе жеңіл таңертеңгі астан кейін жүргізіледі. Қанды алған соң төменде атлаған процедураларды міндетті түрде жүргізу қажет.

-Қанды алған соң вакутейнердің ішіндегі ерітіндімен қанды 5 рет жоғары төмен, жайлап бурып араластыру қажет. Есте сақтаңыздар: пробирканы күшпен, қатты шайқауға болмайды.

-Бөлмелік температурада 20-30 минут, түзу тұрған куйінде сарысудын бөлінуін күту қажет.

-Бөлінген сарысумен қалдықтың шекарасын нақтылау мақсатында пробирканы 10 минут 3000 об/мин центрифугаға салып айналдырады

Бұл пробиркаларда материалдың сақталу тәртібі бөлмелік темепературада 6 сағат, холодильникте (+40С) 24 сағат сақтауға болады.

 

Сары қақпақты, бөлгіш гелі бар вакуумды қан алу жүйесіне байланысты:

Сарысу бөлінген соң сарысумен қалдықтың арасында ашық байланыс болады сондықтанда пробирка шайқалғанда, қозғалғанда сарысудың ластану мүмкіндігі жоғары. Сондықтанда сарысумен қалдықтың арасындағы шекара толықтаи ажырау үшін гелі бар вакумды қан алатын жүйе падаланған дұрыс. Аталған бөлгіш гелі бар пробиркалармен қан алынып болған соң сарысумен қалдықтың арасындағы шекара гельмен бөлініп, арасында қатты шекара пайда болады.

Гелі бар пробиркалармен қан алынғанда койылатын талаптар;

-Сарысумен қалдықтың арасындағы бөгет мықты болу үшін 23-250С температурада 3000 об/минутта 10 минут центрифугадан өткізу қажет.

-Пробиркалар горизонтальды куйде центрифугалану керек.

Мұндай бөгеттің тұрақтылығы бөлмелік температурада 5-7 күнге созылады.

 

Сонымен бірге температурасы белгісіз орындарда, мысалы терезенің алдында жылытқыш приборлардың және жарықтың қатты түсетін жерлерінде қанды сақтауға болмайды.

Білу қажет ЖГУТТЫ ұзақ уақыт бойы және қатты қысқаннан гемолиз болады. Қолданыста болған инелер арнайы биологиялық қауіпсіз контейнерге салынады.

Пробиркадағы жазулар маркировка панелі бойынша түсінікті және міндетті түрде жолдамаға сәйкес толтырылуы қажет. №264/е нысанды және жеке жолдамада пациенттің аты жөні, туған күні, жылы т.б. деректер нақты жазылу керек. Қанды қатыруға болмайды!

Тасымалдау барысында негізгі міндеттер:

-Биоматериалдар қыста «Диагностикалық зерттеулер үшін проба» деген жазуы бар арнайы контейнермен, жазда портативті сумка-холодильникпен тасымалданады.

-Контейнерлер хладагенттің жеткілікті мөлшермен қамтамасыз етілуі және ағып кетпейтіндей болуы тиіс.

-Ішінде биоматериалы бар контейнерлер ешқашанда қараусыз қалмауы тиіс

-Пробирканы жолдамамен орап жабуға болмайды, лабораторияға жолдамалар арнайы пластик пакеттерге салынып жеткізілуі тиіс

-Пробиркалар тігінен тасымалданады

-Тек медицина қызметкерімен тасымалданады.

-Барлық процедура кезінде медбике қолғап шешпеуі қажет.

 
 

Облыстық ЖИТС орталығы Қазалы

филиалының дәрігер лаборант: Рахметова А. Ж.


19 сәуір 2016 ж., 14:52 3 158
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам