Байқау кеңесінің Корпоративтік басқару кодексі
Байқау Кеңесі бар «Қазалы ауданаралық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Корпоративтік басқару кодексі (ЖҮКТЕУ .docx 120 КБ )
Мазмұны
Мазмұны
1-тарау. Жалпы ереже | 3 |
2-тарау. Кәсіпорынның корпоративтік басқару қағидаттары | 4 |
1-параграф. Өкілеттіктердің аражігін ажырату қағидаты | 5 |
2-параграф. Меншік иесінің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты | 6 |
3-параграф. Меншік иесінің құқықтарын қамтамасыз ету | 7 |
4-параграф. Тиімді байқау кеңесі | 7 |
5-параграф. Байқау кеңесі мүшелеріне сыйақы беру | 11 |
6-параграф. Байқау кеңесінің комитеттері | 11 |
7-параграф. Стратегиялық жоспарлау комитеті | 12 |
8-параграф. Аудит комитет | 12 |
9-параграф. Кадрлар және сыйақы комитеті | 13 |
10-параграф. Байқау кеңесі қызметін ұйымдастыру | 13 |
11-параграф. Байқау кеңесінің қызметін бағалау | 15 |
12-параграф. Кәсіпорынның байқау кеңесі хатшысы | 16 |
13-параграф. Кәсіпорынның омбудсмені | 17 |
14-параграф. Кәсіпорынның байқау кеңесі жанындағы ішкі аудит қызметі | 17 |
15-параграф. Алқалы атқаруша орган. Басқарм | 18 |
16-параграф. Кәсіпорынның басқарма мүшелерін бағалау мен сыйақы беру | 20 |
17-параграф. Жеке-дара атқарушы орган. Кәсіпорын басшысы | 20 |
18-параграф Тұрақты даму қағидаты | 21 |
19-параграф. Тәуекелдерді басқару | 24 |
20-параграф. Ішкі бақылау және аудит | 27 |
21-параграф. Корпоративтік қақтығыстарды реттеу | 29 |
22-параграф. Мүдделер қақтығысын реттеу | 29 |
23-параграф. Кәсіпорынның қызметі туралы ақпаратты ашудың ашықтық және объективтілік қағидаты | 30 |
Қосымша 1 | 33 |
Қосымша 2 | 34 |
Қосымша 3 | 35 |
1-тарау. Жалпы ереже
- Осы құжатта «Қазалы ауданаралық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Корпоративтік басқару кодексі белгіленген (бұдан әрі - Кодекс).
«Қазалы ауданаралық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Корпоративтік басқару кодексі (бұдан әрі - Кәсіпорын) корпоративтік және этикалық стандарттарға, сондай-ақ корпоративтік басқарудың халықаралық танылған принциптеріне сәйкес әзірленген.
Кодекс Кәсіпорында корпоративтік басқаруды жетілдіруге, басқарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағыттылған.
- меншік иесі - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган);
- әріптестер - өнім берушілер және мердігерлер, бірлескен жобалардағы әріптестер;
- атқарушы орган - Кәсіпорынның ағымдағы қызметін алқалы (басқарма) немесе жеке-дара (бірінші басшы) басқаратын орган;
- даму жоспары - Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарын, қаржылық-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін және олардың қызметінің бес жылдық кезеңге арналған түйінді көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
- байқау кеңесі -Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) ұйымның жарғысымен ұйымның меншік иесінің және/немесе кәсіпорынның атқарушы органының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, ұйымның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын Кәсіпорын органы;
- корпоративтік басқару - мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметін басқаруды қамтамасыз ететін және меншік иесі (акционер), байқау кеңесі (байқау кеңесі), атқарушы орган (басқарма), мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың өзге де органдары мен меншік иесінің (акционердің) мүддесі үшін мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды қамтитын процестердің жиынтығы;
- корпоративтік оқиғалар - Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ кәсіпорынның жарғысында айқындалған, меншік иесінің мүдделерін қозғайтын кәсіпорын қызметіне елеулі әсер ететін оқиғалар;
- корпоративтік қақтығыс - меншік иесі мен Кәсіпорын органдары арасындағы келіспеушіліктер немесе дау; байқау кеңесінің және атқарушы органның мүшелері, Ішкі аудит қызметінің басшысы, байқау кеңесінің хатшысы және өзге де мүдделі тараптар арасындағы келіспеушіліктер;
- байқау кеңесінің хатшысы - Кәсіпорынның байқау кеңесінің және (немесе) Кәсіпорынның атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын, Кәсіпорынның байқау кеңесімен тағайындалатын және оған есеп беретін кәсіпорынның қызметкері;
- қызметтің түйінді көрсеткіштері (индикаторлары) (бұдан әрі - ҚТК) - Кәсіпорынның, Кәсіпорынның лауазымды адамдарының, Кәсіпорынның жұмыскерлерінің қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін, олардың қызметінің тиімділік деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер. ҚТК-нің Кәсіпорынның даму жоспарының құрамында Кәсіпорынның немесе ұйымның әрбір жұмыскері үшін сараланып бекітілетін және олардың жоспарлы және есепті кезеңдегі қызметінің нәтижелеріне сәйкес келетін сандық мәні болады;
- лауазымды адам - байқау кеңесінің және/немесе атқарушы органның мүшесі;
- мүдделі тараптар - заңнама нормаларының, жасалған шарттарға (келісімшарттарға) байланысты немесе жанама (қосалқы) түрде Кәсіпорынның қызметіне, олардың өнімдеріне немесе көрсетілетін қызметтеріне және осымен байланысты әрекеттерге ықпал ететін немесе олардың ықпалын бастан кешіруі мүмкін жеке адамдар, заңды тұлғалар, жеке немесе заңды тұлғалардың топтары; жұмыскерлер, клиенттер, өнім берушілер, мемлекеттік органдар, инвесторлар, Кәсіпорындық ұйымдар, Кәсіпорынның қызметі жүзеге асырылатын өңірлердің халқы мүдделі тараптардың негізгі өкілдері болып табылады;
- омбудсмен - Кәсіпорынның байқау кеңесімен тағайындайтын, рөлі Кәсіпорынның оған жүгінген жұмыскерлеріне консультация беру және еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ Кәсіпорын жұмыскерлерінің іскерлік этикасы қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу болып табылатын адам;
- орнықты даму - бұл Кәсіпорынның өз қызметінің қоршаған ортаға, экономикаға, Кәсіпорынға әсерін басқаратын және мүдделі тараптардың мүдделерін сақтауды ескере отырып шешім қабылдайтын кездегі дамуы. Орнықты даму болашақ ұрпақты өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігінен айырмастан, қазіргі ұрпақтың қажеттіліктеріне жауап беруге тиіс.
- байқау кеңесінің тәуелсіз мүшесі – Кәсіпорынның үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған, Кәсіпорынның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын; Кәсіпорынның немесе осы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғаларының – ұйымдарының лауазымды адамдарына бағынышты болумен байланысты емес және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болумен байланысты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы мемлекеттік кәсіпорынның аудитіне қатыспайтын және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған байқау кеңесінің мүшесі;
- фидуциарлық міндеттемелер - өзінің кәсіби қызметін басқа тұлғаның пайдасына жүзеге асыратын қандай да бір тұлғаның өзіне қабылдайтын міндеттемелері. Екі негізгі фидуциарлық міндеттеме бар: адалдық және ақыл-парасаттылық. Адалдық міндеті мүдделер қақтығысы жағдайында осы міндеттің субъектісі Кәсіпорынның мүддесі үшін ғана әрекет етуге тиіс болуынан көрінеді. Өз кезегінде, ақыл-парасаттылық міндеті әдетте осындай жағдайда талап етілетін дағдыларды, білім мен икемділікті қолданғанда көрінеді.
Осы Кодексте пайдаланылатын өзге де терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келеді.
- Қызметті жүзеге асыру кезінде
- Кәсіпорынды заңдылық қағидатын сақтаумен және жауапкершіліктің тиісті деңгейімен, өкілеттіктердің, есептіліктің және тиімділіктің аражігін ажыратуды басқаруды;
- тәуекелдерді және ішкі бақылау жүйесін басқаруды;
- мүдделер қақтығысын болдырмауды қамтамасыз етеді.
- Кәсіпорын
Кейін осы есеп байқау кеңесі комитеттерінің (олар болған кезде) қарауына шығарылады, байқау кеңесі бекітеді және Кәсіпорынның жылдық есебінің құрамына қосылады.
- Осы Кодекстің ережелерінің сақталмау жағдайлары Кәсіпорында корпоративтік басқаруды одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдерді қабылдай отырып, комитеттер (олар болған кезде) мен байқау кеңесі отырыстарында қаралады.