Годовой отчет

      Қазалы аудуандық орталық ауруханасына 1 аурухана, 1 аудандық емхана,                       17 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік акушерлік пункт және 13 медициналық бекет қарайды. Ең шалғай медициналық обьект 175 км қашықтықта «Қызылқұм» ДА қарасты «Ажар» медициналық бекеті орналасқан. 

    Аудандық ауруханаға қарасты мекемелерде 171 дәрігер, 765 орта буын медицина қызметкерлері және 440 басқада қызметкерлер жұмыс жасайды (жалпы 1370). Дәрігерлермен қамтылуы 98 пайыз. Қазіргі таңда ауданымызға 2 акушер гинеколог дәрігері қажет болып, ОДБ-на сұраныс берілген. Сонымен қатар дәрігер тапшылығын жою мақсатында мекеме қаражаты есебінен 1 травматолог,                  1 интервенциялық кардиолог, 2 радиолог дәрігерлері оқытылған. 


Жалпы қаржы қорына келетін болсақ:

2025 ж. бекітілген бюджет – 7,917 млрд. тг. қарастырылған, қаражат толық игерілген. 2025 жылы аурухана бойынша кредиторлық қарыз қалыптаспаған.

    Бекітілген халық тіркелімі бойынша 2025 жылы – 53 837, туылған бала саны – 1110, туылым өткен жылмен салыстырғанда азайған. Табиғи өсім – 2024 жылы – 15,5 %, 2025 жылы – 14,4 % құрап отыр.


Тұрғындардың емханаға қаралымы

2025 жылы емханаға тұрғындардың қаралымы – 446 885, 2024 жылы – 407 148, өткен жылмен салыстырғанда қаралым 39737 – ге көбейген. 

Аурушаңдық бойынша

2025 жылы тіркелген жалпы аурушаңдық – 59 031, 2024 жылы – 55 662; өткен жылмен салыстырғанда 3369 – ға артып отыр.

Алғаш рет аурушаңдық – 2025 жылы – 34916, 2024 жылы – 33 313; өткен жылмен салыстырғанда 1603 – ке көбейген.


Аурушаңдықты орны бойынша талдағанда:

1 – орында - Тыныс алу жолдары аурулары- 12213

2 – орында – Көз аурулары – 2802

3- орында – Ас қорыту жолдары аурулары – 2781;



Қатерлі ісік ауруларын алдын алу және анықтау

2025 жылы алғаш рет анықталған науқас саны – 93 – 173,6; 2024 жылы 93 – 172,3; Жалпы тіркелген науқас саны бір деңгейде

5 -жылдық өмір сүру көрсеткіші 2024 жылы – 48,0 болса, 2025 жылы- 47,7 болып, 0,3% төмендеген.

Аудандық емханада сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында стационарлық 1 маммограф аппараты және тоқ ішек-тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында ауруханада видеоколоноскоп аппараты жұмыс жасайды.


ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ

    2025 жылы туберкулезбен алғаш рет  - 27 науқас ауырып, көрсеткіші 49,4 пайыз болды, 2024 жылы – 35 - 63, 7 пайыз. Өткен жылмен салыстырғанда 8 науқасқа төмендеген.

      Аудан халқын флюоротексерумен қамту үшін 28 335 адам жоспарланып, 94,0 % орындалды.

Ауданда 1 жылжымалы флюороқондырғы, 

4- стационарлық флюороқондырғылар жұмыс жасауда


СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУ

   2024 және 2025 жылдардағы скрининг қорытындылары халықты профилактикалық тексерумен қамту және анықталған аурулар саны бойынша бірқатар оң өзгерістерді көрсетеді.  Скринингтік тексерулер жоспарға сай орындалып, анықталған науқастар саны көбейген. Бұл скринингтің сапасы мен ерте диагностика тиімділігінің жақсарғанын көрсетеді.  


ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН

Жылжымалы медициналық кешен халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруда маңызды рөл атқарып отыр. 2025 жылы шалғай елді мекен тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 10 029 адамға жетіп, халықты қамту айтарлықтай артқанын көрсетеді.


АУРУХАНАНЫҢ ЖҰМЫС КӨРСЕТКІШТЕРІ

Ауруханадағы тәуліктік төсек саны – 238, оның ішінде 

  • Терапия – 47,  
    • Кардиология: 40
    • Хирургия және паллиатив: 36
    • Оңалту бөлімі: 20
    • Балалар бөлімі: 20
    • Инфекция: 40
    • Гинекология: 20
    • Перзентхана: 15

     2025 жылдың 12 айында  ауруханада емделіп шыққан наукас саны  10161 құраған.   2024 жылдың12 ай  мерзіміндегі көрсеткішке қарағанда, 2025 жылы аудандық аурханада емделіп шыққан науқас саны 1288 науқасқа кем. Төсек күнінің орындалуы 2025 жылы – 101,0%, 2024 жылы – 94,8 %. 


Ангиографиялық қызмет саласы бойынша:

   2025 жылы кардиология саласы бойынша жүрекке 606 ота жасалынған, барлық оталар сәтті жасалынып, асқыну жағдайлары тіркелмеген. Сонымен қатар қазіргі таңда аудандық ауруханамызда жоғары мамандандырылған ота түрлері кеңейтіліп, жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылдың өзінде жүрек саласы бойынша      15 күрделі ота жасалынып, ауданымызда мастер класс оқу түрлері жүргізілген.  

   ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ 

2025 жылы тіркелген арыз – шағым саны – 365, 2024 жылы – 330 болған, яғни 36 шағымға төмендеген.. Көп жағдайда арыз – шағым Call орталығы арқылы тіркелген. Жалпы шағымданып келген әрбір пациенттің мәселесі басшылық тарапынан назарға алынып толық шешімін табу үшін тиісті мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, қатаң бақылауға алынып отыр.


Жалпы өлім-жітім көрсеткіші

2025 жылы қайтыс болған науқас саны – 324  - 5,9%, 2024 жылы – 341 – 6,2%. Сәби өлім көрсеткіші – 2025 жылы – 6 - 5,4%, 2024 жылы – 9 - 6,3%.

2024 жылмен салыстырғанда өлім – жітім деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады.


Ағымдағы жылы «АУЫЛДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ» 

ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖАПСАРЛАС ҒИМАРАТ САЛЫНЫП, 21 төсек кардиология, 21 төсек нейроинсульт ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ. Компьютерлік томография аппараты орнатылды. 

Бекарыстан би ДА, Болат жолы ДА ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылдың мамыр айында Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасына 1 дәрежелі аккредитация дәрежесі берілген.


2026 ЖЫЛҒА АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕР

  • Магниторезонанстық томография медициналық құрылғысын орнату үшін жұмысты жандандыру.

Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін ангиографиялық күрделі ота түрлерін кеңейте отырып, жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлерін енгізу, шеберлік класс жұмыстарын ұйымдастыру. 

Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмыстарын жалғастыру, акушерлік-гинекологиялық күрделі ота түрлерін енгізу.

Аурухана күндізгі төсек қоры есебінен көз ауруларын емдеу мақсатында қосымша төсек қорларын ашу

Аурухана ІІ ғимаратын жұқпалы аурулар бөлімшесіне стандартқа сәйкес бейімдеу

Ауылдық елді мекендерде орналасқан 2 дәрігерлік амбулатория ғимаратын газдандыру жұмыстарын жүргізу

Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қолданыстағы заңдылықтарға өзгеріс болуына байланысты тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын күшейту


Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам