Ұйымдастыру - әдістемелік бөлімі
Елбосынов Талгат Ипбергенұлы - Ұйымдастыру әдістемелік бөлім меңгерушісі 2021 жылдан бері емхананың Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.Қызметтік міндеттері аясында емхананың ұйымдастыру және әдістемелік қызметін үйлестіреді, құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жетілдіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Медициналық көмектің сапасын арттыруға, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуге, статистикалық және талдамалық есептердің дайындалуына жетекшілік етеді. Сонымен қатар, емхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған семинарлар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруға белсенді қатысады.
Талғат Іпбергенұлы өз қызметінде жауапкершілігімен, кәсібилігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленіп, емхананың тиімді қызмет етуіне және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға өз үлесін қосып келеді.








