Функционалды диагностика
Әбдірей Нұртуған Қанатұлы – функционалды диагностика дәрігері.Функционалды диагностика дәрігері жүрек-қантамыр, тыныс алу және басқа да ағза жүйелерінің қызметін заманауи аспаптық зерттеу әдістері арқылы бағалайды. Оның негізгі міндеті – ауруларды ерте анықтап, олардың ағымын бақылау және емдеуші дәрігерге дәл диагностикалық қорытынды ұсыну. Функционалды диагностика саласында электрокардиография (ЭКГ), тәуліктік Холтер мониторингі, артериялық қысымды тәуліктік бақылау (СМАД), спирография және басқа да функционалдық зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеулер жүрек ырғағының бұзылыстарын, жасырын патологияларды және ағзалардың функционалдық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.








