Дәрігерлік консультациялық комиссия
Ниязова Гульмира Қалдановна – дәрігерлік -консультациялық комиссия дәрігері. Пациенттердің денсаулық жағдайын жан-жақты бағалап, медициналық құжаттарды сараптайды және емдеу мен оңалтуға қатысты қорытындылар береді. Уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау, жоғары технологиялық медициналық көмекке жолдама беру және қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес басқа да медициналық мәселелер бойынша комиссия жұмысына қатысады. Кәсіби тәжірибесі мен жауапкершілігінің арқасында пациенттердің сапалы әрі тиімді медициналық көмек алуына үлес қосады.








