Дәріхана бөлімі
Утегенова Гульназ Жүсіповна – жоғары медициналық білімі бар, дәріхана бөлімінің меңгерушісі. Дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету қызметін тиімді ұйымдастырып, бөлім жұмысының сапалы әрі үздіксіз жүргізілуіне жауапты тәжірибелі маман.Өз қызметінде дәрілік препараттарды қабылдау, сақтау, есепке алу және бөлімшелерге уақтылы жеткізуді үйлестіреді. Сонымен қатар дәрілік заттарды ұтымды пайдалану қағидаларын сақтауды қадағалап, олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізеді.
Утегенова Гульназ Жүсіповна кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп, бөлім жұмысының тиімділігін арттыруға, пациенттерді сапалы дәрілік қамтамасыз етуге және медициналық ұйымның фармацевтикалық қызметін жоғары деңгейде ұйымдастыруға өз үлесін қосып келеді.








