Байқаушы кеңестің төрайымы
Бақтыберлина Раушан Сейтқасымқызы
11 шілде 1978 жылы дүйниеге келген.
1995-1997 жылдары аралығында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина академиясында білім алып, «Емдеу ісі» мамандығын бітірген.
Еңбек жолы:
2002-2008 жылдары аралығында Қазалы теміржол ауруханасында терапевт дәрігері;
2008-2018 жылдары аралығында Қызылорда қаласындағы №6 қалалық емханасында бөлім меңгерушісі;
2018 жылдың ақпан айы 2018 жылдың қараша айы аралығында Облыстық Денсаулық Сақтау Басқармасында бас маман;
2018 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Облыстық Денсаулық Сақтау Басқармасында «Медициналық көмекті ұйымдастыру»» бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келеді.
№5 «Абай» сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты, Экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі.
1959 жылы Қазалы ауданы, Бозкөл ауылдық кеңесінде дүниеге келген.
1980 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумының механика бөлімін, 1989 жылы Қазақтың ауылшаруашылық институтының инженерлік-механика факультетін бітірген.
1980 жылы Қазалы су торабының дизель-электр стансасында машинист болып бастаған.
1985 жылы №64 жылжымалы мехколоннада шебері.
1986 жылы Қазалы су торабында механик.
1987-1992 жылдары «Ремводстрой» тресі Қазалы автоколоннасының бастығы.
1993-1994 жылдары Қазалы аудандық суландыру жүйелері басқармасында бас механик.
1995-1997 жылдары №64 жылжымалы мехколоннада бас механик.
1997 жылдың маусым айында кәсіпкерлікке бет бұрып, «Фирма Тілеп» жеке фирмасын ашқан. Қазіргі таңда «Фирма Тілеп» ЖШС директоры.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне–10 жыл», «Астана қаласына–10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне–20 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен, ҚР «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» медалімен марапатталған. Облыс, аудан әкімдерінің бағдарламалары мен шешімдерін орындауда жоғары жетістіктерге жеткені үшін «Үздік кәсіпкер» атағына ие болған.
Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Қызылорда облыстық мәслихатының ІІІ, ІV, V шақырылымдарының депутаты болып сайланған. VІ шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Марат Кубылович Ршымбетов
1973 жылы қыркүйек айының 10 жұлдызында Тараз қаласында дүниеге келген.
1990 жылы Қазалы ауданында №16 орта мектебін бітірдi, сол жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1990 жылы «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.
1996-2003 жылдары Тараз қаласында № 14157 әскери бөлімшесінде дәрігер және бөлімше басшысы қызметін атқарды.
2003-2009 жылдар аралығында «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы - Алматы теміржол ауруханасында отоларинголог-дәрігер қызметінде болды. 2011 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың маусым айына дейін «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы - «Қызылорда теміржол ауруханасы» филиалы директорының емхана ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, қосымша отоларинголог-дәрігер болып жұмыс істеді.
2015 жылдың 01 маусымынан «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның бас дәрігері міндетін атқарушы қызметінде.
Денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы мамандығы бойынша бірінші санаттағы, отоларинголог-дәрігері мамандығы бойынша бірінші санаттағы, профпатолог-дәрігері бойынша маман сертификаттарының иесі.
Білім жетілдіру:
* 01.06.2010 ж. «Оториноларингологиядағы жаңа ағымдар», 234 сағат;
* 08.06.2012 ж. «Профпатология (Кәсіби аурулар)», 864 с;
* 22.12.2012 ж. «Денсаулық сақтау менеджменті медициналық мамандығы», 864 сағат;
* 21.09.2013 ж. «БМСК желісінің деңгейіндегі анықталған ТБ және КДТ ТБ түрін анықтау мен емдеуді ұйымдастыру» 54 сағат.
Бірнеше рет алғыс хатпен, мақтау грамоталарымен марапатталған.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.
Арғын Қайырбайұлы Орымбаев
1961 жылдың 13 тамызында Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1991 жылы Алматы темір жол транспорты инженерлері институтын «Вагон жасау және вагон шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген.
1978 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін 1978 -1980 жылдары Қазалы стансасындағы №355 көпір құрылысы мекемесінде жұмысшы болып еңбек жолын бастады.
1980-1982 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болып, азаматтық борышын өтеген.
1982-1985 жылдары Алматы темір жол техникумын бітірген.
1985-1989 жылдары №2 Шымкент вагон депосында бригадир, вагон доңғалақтарын жөндеу шебері.
1993-1997 жылдар аралығында Қазалы вагон депосында инженер технолог,
1997-1999 жылдары Қазалы стансасында вагондарға техникалық қызмет көрсету бекетінің бастығы қызметтерін атқарған.
1999 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазалы вагон пайдалану депосының директоры қызметін атқарып келеді.
Отбасылы. Жанұясында 5 бала тәрбиелеп өсіруде.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Қызметтік міндетіне адал қарағаны үшін 2002 жылы «Қазақстан көлік және транспорт, коммуникация министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2007 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісімен, Н.Ә.Назарбаевтың 2007 және 2011 жылғы Алғыс хатымен және де «ҚТЖ» «ҰК»АҚ 2002 жылы, 2003 жылы, 2006 жылы, 2008 жылы және 2009 жылдары 2-ші дәрежелі «Салалық жарыстың жеңімпазы» дипломы мен марапатталған.
Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы
1957 жылы 11 сәуірде Қазалы ауданы, Майдакөл ауылдық округінде туылған.
Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы №24 мектепті аяқтағаннан кейін Қызылорда қаласындағы кәсіптік-техникалық училищесін, Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
Маманды журналист.
1980-2001 жылдар аралығында мамандығы бойынша аудандық «Ленин туы», «Қазыналы Қазалы» газетінде 1980-1992 жылдар фототілші, 1992-1995 жылдар баспа бөлімінің меңгерушісі, 1995-2001 жылдар бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. Аудандық газетте қызмет еткен жылдарда газет, баспахана ұжымның бастауыш комсамол, кәсіподақ ұйымының жетекшісі болған. 2001-2007 жылдарда Қазалы аудандық мұрағаты мемлекеттік мекемесінің директоры. Мұрағат директорлығымен қоса аудандық «Қазалы айғағы» газетінің редакторлығы қызметін атқарған.
2003 жылы «Нұр Отан» партиясы қатарына өтті.
2007 жылдың шілдесінен бастап «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызмет атқарып келеді.
Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» 3 рет, «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай «Партияға белсенді қызметі үшін», «Қ.Р Конституциясына 20 жыл» және Б.Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгілерімен, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының, Қызылорда облысы және Қазалы ауданы әкімдерінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.
1987 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
Отбасында әйелі, төрт баласы, жеті немересі бар.
Әлiпбаев Талғат Әзiмжанұлы
1973 жылы 25 маусымда Қазалы ауданы Жаңақазалы поселкесінде теміржолшы отбасында дүниеге келген.
Жаңақазалы поселкесіндегі Ы.Алтынсарин атындағы №204 қазақ орта мектебін 1990 жылы бітірген. Сол жылы Алматы қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына түсіп, «Вагон» шаруашылығы бөлімінің инженер-механик мамандығын алып шыққан.
Теміржол академиясын бітіргеннен кейін 1996-2005 жылдар аралығында Қазалы вагон депосында жәй жұмысшыдан бастап, цех бригадирі, цех шеберы, цехтың аға шеберы, депо бастығының вагон жөндеу жөніндегі тете бастығы болып қызмет атқарды.
2005 жылдың 16 маусымынан бастап, осы уақытқа дейін «Қамқор Вагон» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң «Қазалы вагон жөндеу депосы» филиалының директоры қызметін атқарып келеді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «АЛҒЫС ХАТЫМЕН», Көлік және коммуникация Министрінің «АЛҒЫС ХАТТАРЫМЕН», «Нұр Отан»ХДП Қызылорда облыстық филиалының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. «ҚҰРМЕТТІ ТЕМІРЖОЛШЫ» белгісінің иегері.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі.
2012 жылғы қаңтарда №2 Қорқыт Ата сайлау округінен аудандық мәслихат депутаты болып сайланған.
Өтеев Мінәжадин
1957 жылы 11 сәуірде Қазалы ауданы, Майдакөл ауылдық Кеңесінде (қазіргі Бекарыстан би ауылы) мұғалімдер отбасында дүниеге келген.
1973 жылы Жаңақазалы поселкелік коммуналдық шаруашылық мекемесінде слесарь.
1975 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтына түсіп, 1979 жылы бухгалтер – экономист мамандығы бойынша аяқтаған. Қазалы ауданындағы «Транссельхозтехника» автобазасында аға экономист, бас экономист, «Сельхозтехника» шаруашылық есептегі учаскесінің бас есепші.
1984-1992 жылдары Қазалы ауданының КОКП ХХІІ съезі, Карл Маркс, Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшарларында бас экономист, бас есепші.
1992-1996 жылдары Қазалы ауданы салық инспекциясында бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ленинск қалалық бөлімшесінің аға экономисі, бас есепші.
1996-1999 жылдарды «Наурыз» ЖШС директоры.
1999 жылдан «Сыр Маржаны» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Конституциясына-10 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына-20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне-10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне -20 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасының және Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаттарымен бірнеше рет, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», Қызылорда облысы мен Қазалы ауданы әкімдерінің Құрмет грамоталарымен және халықаралық сауда және коммерциялық ұйымдарының дипломдарымен марапатталған.
Отбасылы, бес бала тәрбиелеп отыр.
Қазалы аудандық мәслихатының ІІІ, ІV, V шақырылымының депутаты болып сайланған. VІ шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Абилов Куншыгар Абилович
Туған жылы: 09.06.1962 жыл
Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бозкөл ауылы
Телефон: моб. +8701 - 310-95-34, ж.т. 22-1-59
́Білімі:
- 1982-1988 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институты, мамандығы «Емдеу ісі».
Жұмыс тәжірибесі:
- 1988 – 1989 ж.ж. Қызылорда облыстық ауруханасында интернатура дәрігері
- 1989 – 1991 ж.ж. Қазалы аудандық ауруханасында аймақ дәрігері қызметі
- 1991 – 1997 ж.ж. «Бозкөл» ауылдық ауруханасында аймақ дәрігері
- 1997 – 1999 ж.ж. «Бозкөл» ауылдық емханасының бөлім меңгерушісі
- 1999 – 2004 ж.ж. «Бозкөл» жанұялық-дәрігерлік емханасының аға дәрігері
- 2004 – 2010 ж.ж. «Бозкөл» ауылдық ауруханасында бас дәрігері
- 2010 - 2017 ж.ж. «Бозкөл» ауылдық ауруханасында бөлім меңгерушісі
- 2017 – 2019 ж.ж. «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасы» бас дәрігері ( Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 2 мамыр 2017 жылғы №211-ж бұйрығы негізінде)
- 2019-осы уакытка дейінгі «Қазалы ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК – сында бас дәрігердің орынбасары;
Жетістіктері:
- 2007, 2013 жылы Облыстық «Үздік ауыл дәрігері» конкурсының жеңімпазы
- 2013 жылы Республикалық «Үздік ауыл дәрігері» конкурсының жеңімпазы
- 2013 жылы Қазақстан Денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасы
- 2013 жылы Қазақстан ардагерлер қауымдастығының «Сауап» медалі
- 2013 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі