» » Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы бойынша 2025 жылдың қорытынды есебі

Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы бойынша 2025 жылдың қорытынды есебі


    Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасының 2025 жылдың қорытындысы бойынша медициналық қызметі туралы баяндама жасауға рұқсат етіңіз. 

    Қазіргі таңда Қазалы аудуандық ауруханасына  1 орталық аурухана,                           1 аудандық емхана,  17 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік акушерлік бекет және 13 медициналық бекет қарайды. Ең шалғай медициналық обьект слайдта көрсетілгендей 175 км қашықтықта «Қызылқұм» ДА қарасты «Ажар» медициналық бекеті орналасқан. 

    Аудандық ауруханаға қарасты барлық медициналық мекемелерде 171 дәрігер, 765 орта буын және 440 басқада қызметкерлер жұмыс жасайды (жалпы 1370). Дәрігерлермен қамтылуы 98 пайыз. Қазіргі таңда ауданымызға 2 акушер гинеколог дәрігері, ЛОР, дерматовенеролог және елді мекендер бойынша жалпы тәжірибелі аймақ дәрігерлері қажет болуда, кадр тапшылығын шешу мақсатында Облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұраныс берілген. Сонымен қатар дәрігер тапшылығын жою үшіна кәсіпорын қаражаты есебінен  1 травматолог, 1 интервенциялық кардиолог, 2 радиолог дәрігерлері оқытылып, мамандықтары бойынша жұмыс жасауда.

    Қазіргі таңда орта буын медицина қызметкерлерінің қамтылу деңгейі 129 пайызды құрап отыр.


Жалпы қаражат қоры бойынша

         2024 ж. бекітілген бюджет – 7,687 млрд. тг. – оның ішінде жалпы жалақы қоры - 5,228 млрд. тг. – яғни, 68,0 пайыз құраған.

      2025 ж. бекітілген бюджет – 7,917 млрд. тг қалыптасып, белгіленген қаражат толық игерілген. Жалақы қорына жалпы қаражаттың 5,516 млрд. тг. – 70,0 пайызы жұмсалған. 2024 жылмен салыстырғанда 2пайызға көбейген.

       2025 жылдың қорытындысы бойынша ауруханада кредиторлық қарыз қалыптаспаған.


    Бекітілген халық тіркелімі бойынша 2024 жылы халық саны – 54932, 2025 жылы – 53 837 құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда халық саны                    1095 тұрғынға азайған. Туылған бала саны – 2024 жылы – 1173, 2025 жылы – 1110, туылым өткен жылмен салыстырғанда 63-ке ке төмендеген.                             Табиғи өсім – 2024 жылы – 15,5 % құраса, 2025 жылы – 14,4 % құрап отыр.

Тұрғындардың емханаға қаралымы

     2025 жылы емханаға тұрғындардың жалпы қаралымы – 446 885, 2024 жылы – 407 148, өткен жылмен салыстырғанда қаралым 39 737 – ге көбейген. Оның ішінде ауырып көрінгендер: 2025 жылы – 229 907, 2024 жылы 223 438, 6469 науқасқа артқан. Профилактикалық тексерулер: 2025 жылы – 216 978,  2024 жылы – 183 710; 33 268 қаралымға жоғарылаған.

7

Аурушаңдылық

    2025 жылы тіркелген жалпы аурушаңдық – 59 031, 2024 жылы – 55 662; өткен жылмен салыстырғанда 3369 – ға көбейген.

    Алғаш рет аурушаңдылық – 2025 жылы – 34916, 2024 жылы – 33 313; 2024 жылмен салыстырғанда 1603 –жағдайға артқан.


Аурушаңдықты орны бойынша талдағанда:

1 – орында - Тыныс алу жолдары аурулары - 12213

2 – орында – Көз аурулары – 2802

3- орында – Ас қорыту жолдары аурулары – 2781;



Қатерлі ісік ауруларын алдын алу және анықтау


    2025 жылы алғаш рет анықталған науқас саны – 93 – 173,6; 2024 жылы 93 – 172,3; жалпы тіркелген науқас саны былтырғы жылмен салыстырғанда бір деңгейде. 2025 жылы  І-ІІ сатыларында 48 науқас анықталып, көрсеткіш 51,6 құраса, 2024 жылы 52 науқас анықталып, көрсеткіш 55,9 – болып қалыптасқан.

5 -жылдық өмір сүру көрсеткіші 2024 жылы – 48,0 болса, 2025 жылы- 47,7 көрсетіп, 0,3% төмендеген.

4-ші сатыда анықталу көрсеткіші

     2025 жылы – 8 - 8,6 пайыз, 2024 жылы 13 – 14,0 пайыз, өткен жылмен салыстырғанда 5 жағдайға төмендеген.

Аудандық емханада сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында стационарлық 1 маммограф аппараты және тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында ауруханада видеоколоноскоп аппараты жұмыс жасайды.


ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ


     2025 жылы туберкулезбен алғаш рет  - 27 науқас ауырып, көрсеткіші 49,4 пайыз болды, 2024 жылы – 35 - 63, 7 пайыз. Өткен жылмен салыстырғанда                        8 науқасқа азайған.

      Аудан халқын флюоротексерумен қамту үшін 28 335 адам жоспарланып,            94,0 % орындалған.

     Ауданда 1 жылжымалы флюороқондырғы жұмыс жасауда.

      Бактериологиялық зертхана бөлімінде аудан тұрғындары үшін  туберкулезге күдікті науқастарға молекулярлы-генетикалық әдіспен сараптама жүргізу үшін  «ДЖЕЙН ЭКСПЕРТ» медициналық аппараты жұмыс жасайды  2025 жылы                  12 айда 337 науқас тексеруден өткен. Тексеру  нәтижесінде табылған            науқастарсаны – 39.


СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУ

   2024 және 2025 жылдары скрининг жұмысы толық орындалған.  Скринингтік тексерулер жоспарға сай жасалынып, анықталған науқастар саны көбейген.Бұл скринингк жұмысының сапасы мен ерте диагностикалау нәтижесінің тиімділігінің жақсарғанын көрсетеді.  

  2025 жылы «Сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу» скринингі бойынша 14 пациентке орындалмаған. Себебі, Халық тіркелемі бойынша тұрғындар Қазалы ауруханасында тіркелгенімен, тұрғылықты жері басқа қалада орналасу  себебіне байланысты болып отыр.   


АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

   ҚР ДСМ–нің 2021 жылғы 5 тамыздағы №75 бұйрығына сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. 2025 жылы тегін дәрі-дәрмек жеткілікті мөлшерде жоспарланып, уақытылы алынып, тұрғындар тегін-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.

       2025 жылы жалпы сомасы – 573 923 957,88 теңгеге 61366 дәрі дәрмек игерілген.



ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН

      Жылжымалы медициналық кешен халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруда маңызды рөл атқарып отыр. 2024–2025 жылдары шалғай елді мекен тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды.

       2024 жылы жылжымалы медициналық кешен жұмысы арқылы 9 683 тұрғын медициналық тексеруден өтсе,
2025 жылы бұл көрсеткіш 10 029 тұрғынға көбейіп, медициналық тексеру саны артқан.

       Сонымен қатар, қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер де қарқынды дамуда.
2024 жылы қашықтықтан кеңеспен қызмет 23 752 рет көрсетілсе,
2025 жылы бұл көрсеткіш 25 355 –ке жетіп, медициналық қызмет тиімділігі мен сұранысының артқанын көрсетеді.


Мүгедектікке шығу көрсеткіштері

     2024 жылы алғаш рет мүгедектікке шыққандар арасында қан айналымы жүйесі аурулары жетекші орын алды – 43 жағдай. Одан кейін қатерлі ісік аурулары (29) және туа біткен ақаулар (21) тіркелді.

     2025 жылы алғаш рет мүгедектікке шығу құрылымында қатерлі ісік аурулары алдыңғы орынға шығып, 40 жағдайды құрады. Қан айналымы жүйесі аурулары – 37 жағдаймен екінші орында, ал көз аурулары – 17 жағдаймен үшінші орында тұр.

Жалпы алғанда, алғаш рет мүгедектікке шыққандар саны
2024 жылы – 183 адамды құраса,
2025 жылы – 169 тұрғынға мүгедектік тағайындалып, былтырғы жылмен салыстырғанда 14 жағдайға кеміген.



АУРУХАНАНЫҢ ЖҰМЫС КӨРСЕТКІШТЕРІ

Ауруханадағы тәуліктік төсек саны – 238, оның ішінде 

  • Терапия – 47,  
    • Кардиология: 40
    • Хирургия және паллиатив: 36
    • Оңалту бөлімі: 20
    • Балалар бөлімі: 20
    • Инфекция: 40
    • Гинекология: 20
    • Перзентхана: 15


Күндізгі стационар бойынша:

  • Жалпы төсек саны: 180
    • Аурухана бойынша: 20
    • Емханалар бойынша: 160

АУРУХАНАНЫҢ ЖҰМЫС КӨРСЕТКІШТЕРІ

    2025 жылдың 12 айында  ауруханада емделіп шыққан наукастар саны – 10161(2024 жылы - 11449)

    2024 жылдың12 ай  мерзіміндегі көрсеткішке қарағанда, 2025 жылы аудандық аурханада емделіп шыққан науқас саны 1288 науқасқа кеміген. Төсек күнінің орындалуы2025  жылы – 101,0% құраса, 2024 жылы – 94,8 % құраған. Стационар бойынша өлім көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға артқан. Себебі, 2024 жылы төсек саны 2025 жылмен салыстарғанда  төсек санының көп болуында.                    



     Анестезиалогия – реанимация бөлімінің жұмысына тоқталсақ, жалпы түскен науқастар саны – 1069, 2024 жылы – 1113 болған, яғни 44 науқасқа кеміген. Реанимация бөлімі бойынша қайтыс болған науқастар саны 2025 жылы 28 болса, 2024 жылы – 19 құрап, 9 науқасқа көбейген. 


   Хирургиялық белсенділік бойынша

   2025 жылы хирургия бөлімінде емделіп шыққан науқастар саны – 1385 болса, 2024 жылы 1469 науқасты құраған, былтырғы жылмен салыстырғанда 84 науқасқа кеміген.  

   Хирургиялық белсенділік – 2025 жылы – 69,7 %, 2024 жылы 67,6 % құрап, өткен жылмен салыстырғанда белсенділік 2,1 пайызға жоғарылаған. 

    2025 жылы хирургия саласы бойынша барлық оталар саны – 966, 2024 жылы – 994 құрап отыр, асқынулар жағдайлары тіркелмеген. 

    Летальды көрсеткіш 2025 жылы 6 жағдай - 0,4% болса, 2024 жылы - 7 - 0,5 % құраған, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға кеміген.


Перзентхана бөлімі бойынша

    2025 жылы жалпы туылым 1110 болса, 2024 жылы жалпы туылым 1171-ді құраған. Жалпы туылым 2024 жылмен салыстырғанда 61-ге азайған.

    Туылым бойынша басқа қалаға босану көрсеткіші 2024 жылмен салыстырғанда 157 әйелге азайған.

   Жасалған оталар саны бойынша 2025 жылы 275 болса, 2024 жылы 303,              кесер тілігі 2025 жылы 175 болса, 2024 жылы 232 көрсеткішті құрап, жалпы ота  мен кесер тілігі саны 2024 жылмен салыстырғанда төмендеген. 


Ангиографиялық қызмет

2025 жылы жасалған жалпы операция саны – 624 болса, 2024 жылы – 656-ны құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда жасалған ота саны 32-ге төмендеген. Себебі, инсульттік науқастардың азайғандығымен байланыстыруға болады.            



ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ 

2025 жылы тіркелген арыз – шағым саны – 365 құраса, 2024 жылы – 330 болған, 35 жағдайға көбейген. Көп жағдайда арыз – шағым Call орталығы арқылы тіркелген. Жалпы шағымданып келген әрбір пациенттің мәселесі басшылық тарапынан назарға алынып, толық шешімін тапқан. Тиісті мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, қатаң бақылауға алынған.


ҰРПАҚ ӨРБІТУ  ЖАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР


    Ағымдағы жылдың 12 айында екіқабат әйелдердің 12 аптаға дейінгі есепке алынғандар саны  956, (2024 ж. – 1059); Мерзімінен бұрын босану 79 - дан 76 - ға төмендеген.  Жалпы жүктілікке абсолютті қарсы көрсетілімі бар (2В топ) әйелдер саны 276 - дан  236 - ға азайған және осы топтағы әйелдердің контрацепциямен қамтылуы 68,4 пайызды құрайды.Әлеуметтік осал топтағы (5 топ) әйелдердің контрацепциямен қамтылуы  88,9%.


Жалпы өлім-жітім көрсеткіші

2025 жылы қайтыс болған науқас саны – 324  - 5,9%, 2024 жылы – 341 – 6,2%, былтырғы жылмен салыстырғанда  17 жағдайға төмендеген. Сәби өлім көрсеткіші – 2025 жылы – 6 - 5,4%, 2024 жылы – 9 - 6,3%, 2024 жылмен салыстырғанда 3 жағдайға азайған.


Өлім – жітім көрсеткішін орыны және нозология бойынша талдағанда 

Қайтыс болғандардың негізгі үлесі үй жағдайында орын алған. 2025 жылы - 285 тұрғын қайтыс болса, 2024 жылы – 305 тұрғын қайтыс болған. Стационарда 2025 жылы  - 25 науқас, 2024 жылы – 22 науқас қайтыс болса, басқа жерлерде – 14 науқас қайтыс болған. 

Өлім жітімді нозология бойынша талдағанда 2025 жылы – 1 орында басқа аурулардан – 68 науқас, 2 орында – қан айналым жүйесі аурулары – 59, 3 – ші орында қарттық – 54; 


    Ағымдағы жылы «АУЫЛДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ» 

ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖАПСАРЛАС ҒИМАРАТ САЛЫНЫП, 21 төсек кардиология, 21 төсек нейроинсульт ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ. 

   Компьютерлік томография аппараты орнатылуда. 

   «Бекарыстан би» ДА, «Болат жолы» ДА-ларының ғимараттарына толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар игілігіне берілді.

2026 ЖЫЛҒА АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕР

  • Магниторезонанстық томография медициналық құрылғысын орнату үшін жұмысты жандандыру.

Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін ангиографиялық күрделі ота түрлерін кеңейте отырып, жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлерін енгізу, шеберлік класс жұмыстарын ұйымдастыру. 

Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмыстарын жалғастыру, акушерлік-гинекологиялық күрделі ота түрлерін енгізу.

Аурухана күндізгі төсек қоры есебінен көз ауруларын емдеу мақсатында қосымша төсек қорларын ашу

Аурухана ІІ ғимаратын жұқпалы аурулар бөлімшесіне стандартқа сәйкес бейімдеу

Ауылдық елді мекендерде орналасқан 2 дәрігерлік амбулатория ғимаратын газдандыру жұмыстарын жүргізу

Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қолданыстағы заңдылықтарға өзгеріс болуына байланысты тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын күшейту



Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам