Детский невропотолог
Құдайберген Жанар Жұбанқызы – балалар невропатолог дәрігеріБалалар невропатологы нәрестелерден бастап жасөспірімдерге дейінгі балалардың жүйке жүйесі ауруларын анықтау, емдеу және алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Дәрігер баланың жүйке-психикалық және қимыл-қозғалыс дамуын бағалап, бас ауруы, эпилепсия, даму кідірісі, бұлшықет әлсіздігі, туа біткен және жүре пайда болған жүйке жүйесі аурулары сияқты неврологиялық жағдайларға диагностика жасап, ем тағайындайды. Сондай-ақ ата-аналарға баланың денсаулығын сақтау, оңалту және жүйке жүйесінің қалыпты дамуын қолдау бойынша кеңес береді. Балалар невропатологының негізгі мақсаты – баланың жүйке жүйесінің саулығын қамтамасыз етіп, оның толыққанды өсіп-жетілуіне ықпал ету.







