Гинекология
Еришова Нурила Акылбековна - әйелдер емдеу бөлімінің бөлім меңгерушісі ,жоғары білікті, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, тәжірибелі маман. 2013 жылдан бастап осы бөлімде акушер гинеколог қызметін үздіксіз абыроймен атқарып келеді. Клиникалық ойлауы терең, заманауи диагностика мен емдеу әдістерін жақсы меңгерген Нурила Акылбековна 2025 жылы бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалды . Пациенттерге ұқыпты, ілтипатты қарым-қатынас жасап, медициналық этика мен деонтология талаптарын қатаң сақтайды. Әрбір науқастың жағдайына жеке көңіл бөліп, дәлелді шешім қабылдай алады.
Әйелдер емдеу бөлімі әйелдердің денсаулығын қорғауға және гинекологиялық ауруларды анықтау, емдеу және алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған мамандандырылған құрылымдық бөлімше болып табылады.
Бөлімнің негізгі міндеті — науқастарға сапалы, уақтылы және қауіпсіз медициналық көмек көрсету. Әйелдер емдеу бөлімінде әртүрлі гинекологиялық ауруларды консервативті және кешенді емдеу, асқынулардың алдын алу, сондай-ақ операцияға дейінгі және операциядан кейінгі бақылау жүргізіледі.







