Эндикринолог
Алуадинова Айгерім Алпысбайқызы – балалар эндокринологы, жоғары медициналық білімі бар дәрігер.Балаларға эндокринологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Қызметінің негізгі бағыты – қант диабеті, қалқанша безі аурулары, бой өсуі мен жыныстық жетілудің бұзылыстары, семіздік және басқа да эндокриндік жүйе аурулары бар балаларды тексеру, емдеу және диспансерлік бақылау.
Өз жұмысында дәлелді медицина қағидаттарына сүйене отырып, заманауи диагностика және емдеу әдістерін қолданады. Әрбір пациентке жеке көзқарас танытып, балалардың денсаулығын нығайтуға және аурулардың алдын алуға бағытталған сапалы медициналық көмек көрсетеді.







