Инсульт туралы не білу керек?
Халықаралық эпидемиологиялық
зерттеулердің анықтауы бойынша, инсульттен әлемде жылына 5 млн адам қайтыс
болады. Көптеген елдерде жалпы ауырып қайтыс болғандардың ішінде, инсульттен
дүниеден өту 2-ші орында көрінеді. Инсультке ұшыраған науқастардың алғашқы 30
күнде 35-40%-і, ал бір жылдан кейін 50-%і қайтыс болады. Инсульт тұрғындардың
мүгедектігінің бірден–бір себебі.
Инсультпен ауырған науқастардың
55%-і үш жылдан кейінде өздерінің өмір сүру сапасына қанағаттанбайды, ал 20%
науқастар бұрынғы жұмысына қайта оралады.
Инсульт – ми қан айналысының
бұзылуынан науқастың жағдайы бірте –бірте нашарлап естен тану жағдайы.
Инсульттің екі түрі болады. Біріншісі ишемиялық инсульт, мидың қандай да бір бөлігіне, қан тамырының өткізгіштігінің бұзылуынан (бітеліп қалу, уақытша спазм болу) қан бармай қалу жағдайы. Бұл инсульттің түрі 80-85% жағдайда кездеседі. Инсульттің екінші түрі, геморрагиялық инсульт немесе мидағы майда қан тамырларының жарылып кетуінен орталық нерв жүйесіне қан құйылады. Инсульттің бұл түрі 15-20% жағдайда кездеседі. Инсультке ұшыраған науқастың жағдайы күрт нашарлап, өміріне қауіп төнгендіктен, науқасты бірден реанимация бөліміне екпінді бақылап, қарқынды ем жүргізу үшін жатқызады. Осы жерден бастап науқастың туыстары мен реанимация бөлімінің дәрігерлері арасындағы кейбір жағдайларға түсініспеушіліктің нәтижесінде реніш сезімі, көңіл қалушылық жағдайлары орын алып жатады. Түсініспеушіліктің неден туындайтынын талдап көрейік.
Біріншіден, жаңа ғана реанимация бөліміне жатқызылған науқастың туыстары бірден «біздің ішке кіріп науқасты көруіміз керек» деп, кей жағдайларда дөрекілік көрсетіп жатады. Ал емдеуші дәрігер кіруге болмайтынын айтып түсіндірген болады, бірақ ішке кіргізбеген соң реніш сезімі пайда болады. Науқасқа неге кіруге болмайды? Себебі, егер науқас есінен айрылып түссе, онда оның орталық нерв жүйесінде қозу процесі басым болады және мұндай жағдайда науқас абсолюттік оқшаулауды, тыныштықты қажет етеді. Науқас қаншалық есін білмегенімен, өзінің туыстарының дауысын, керек десеңіз қолын ұстағанын сезіп қатты қапаланады. Оның қан қысымы одан сайын көтеріліп тұрақсызданады, жағдайы нашарлап қалады.
Осының алдын алу жағдайын нашарлатып алмас үшін науқасқа 2-3 тәулікке дейін, қан қысымы тұрақтап, орталық нерв жүйесінің қозуы бәсеңдегенше туыстарын кіргізбейді. Есін білмейтін науқастарға 2-3 тәуліктен бастап, кейде 3-4 тәуліктен кейін туыстарын кіргізуге болады. Бұл кезде науқастың орталық нерв жүйесіндегі қозу, тежелу процестері едәуір калыптасады, қан қысымы тұрақтанады, науқас өзінің жағдайына мойынсұнады. Егер науқастың туыстарына ішке кіруіне рұқсат берсе онда мынадай нәрселерді естен шығармау керек. Науқас қаншама деңгейде есінен айрылып жатса да ол, келген адамдарды сезіп біліп жатады, сөздерін естиді.
Сондықтан туыстарынан өтініш, палатаға кірісімен науқаспен аман саулық сұрасып, үйде, ауылда, әулетте болып жатқан жағымды жаңалықтарды айтып оны қуантуға тырысу керек. Еш уақытта үндемей тұруға, науқасты аяп, жылап, жағымсыз сөздер айтуға болмайды. Жапондықтар, науқасты есіне келтіру үшін, науқастың сау кезінде жақсы көретін музыка-әуендерін аудиоплеер арқылы науқастың құлағына қосып қояды екен.
Екіншіден, «жаңа түскен науқасқа қандай тамақ әкелейік деп сұрайды?» Науқас ес түсін білмей жатқанда алғаш 3-4 тәулікте тамақтандырылмайды. Қоректі тек көк тамыр, инфузиялық терапия жасау арқылы береді. Есін білмейтін науқасқа бірінші тәуліктен бастап асқазанға арнайы резеңке түтікше (зонд) салынады, сол арқылы асқазанда жиналатын ащы асқазан сөлі сыртқа шығарылады. Есін білмейтін науқастың 2-3 тәулік бойы ас қабылдау, ас қорыту жүйесі дұрыс жұмыс істемейді, сондықтан егер науқасты одан ерте түтік арқылы қоректендіретін болса, ол ас сіңбейді, асқазанда тұрып калады. Содан науқасты әрі–бері қозғағанда асқазандағы тамақ тыныс жолына құйылады да өкпесі қабынады. Науқас есін шала білетін болса да оны ерте тамақтандыруға асықпау керек. Егер науқасты қоректендіретін кезде бір рет шашалып қалатын болса, онда науқастың өкпесі қабынады.
Сондықтан есін білмейтін науқасты 3-4 тәуліктен бастап түтік арқылы сұйық тамақпен қоректендіреді. Тамақтандырар алдында науқасты шалқасынан жатқызып, бас жағын көтеріп қойып, науқас есін білмесе де тамақтанатынын ескертіп, түтік арқылы асқазанға 250-350 мл қоректік затты 4-6 рет жібереді.
Үшіншіден, кей жағдайда науқастың туыстары жұлыннан су алуға қарсылық білдіріп жатады. Жоғарыда атап өткендей инсульттің екі түрін бір –бірінен ажырату үшін жұлынынан су алу керек. Егер науқастың жұлын суы таза болса, онда ол инсульттің ишемиялық түрі, жұлындағы суға қан араласса , бұл геморрагиялық инсульттің белгісі. Инсульттің осы екі түрінде де науқастың бір жақ қол аяғы салдануға ұшырап, беті қисайып, естен тану сияқты белгілері болады. Дегенмен емдеу ерекшеліктері әр түрлі. Сондықтан жұлыннан су алынбаса, инсульттің түрі ажыратылмайды. Емінің дұрыс жүргізілмегендігінен зардабы болып, кейде сырқаттың қайтыс болуы ықтимал.