» » Медицина саласында бұрынғы қателіктерді қайталауға жол бермеу керек - Сенат спикері

Медицина саласында бұрынғы қателіктерді қайталауға жол бермеу керек - Сенат спикері

Медицина саласында бұрынғы қателіктерді қайталауға жол бермеу керек - Сенат спикеріАСТАНА. ҚазАқпарат - Медицина саласында бұрынғы қателіктерді қайталауға жол бермеу керек. Бүгін Парламент Сенатында өтіп жатқан Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен кездесу барысында сөз сөйлеген палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті.

«Қазіргі таңда Парламент Елбасы айқындаған бес институттық реформа аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету жұмыстарының негізгі бөлігін аяқтады. Президент реформаларының шеңберінде депутаттар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңды қабылдады. Ендігі жағдай осы жүйенің қалай жұмыс істеуіне байланысты болады. Сондықтан да, осы саладағы бұрынғы қателіктерді қайталауға жол беруге болмайды», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Оның айтуынша, елімізде алғашқы медициналық санитарлық көмекті күшейтуге және жекеменшік медицинаның дамуына қолдау көрсетуге баса назар аудару қажет. Медициналық мекемелерде корпортивтік басқару жүйесін енгізудің маңызы да зор болып табылады.

«Сондықтан да барша қоғам салалық министрлік пен басқа да жауапты органдардан Елбасы реформаларын сапалы түрде іске асыруды талап етуге құқылы», - деді Қ.Тоқаев.

 

Автор:Қанат Мәметқазыұлы

http://www.inform.kz/kaz/article/2841224

20 ноябрь 2015 г., 15:40 2 158
Телефон доверия

+7 (72438) 27796

Приемная районной больницы

+7 (72438) 27793

Регистратура районной поликлиники

+7 (72438) 22533

Саll-центр

+7 (7242) 400001

Государственные закупки

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan