» » Қала мен ауыл арасында кадрларды дұрыс бөлмеу мәселесі бар - вице-министр Е. Біртанов

Қала мен ауыл арасында кадрларды дұрыс бөлмеу мәселесі бар - вице-министр Е. Біртанов

Қала мен ауыл арасында кадрларды дұрыс бөлмеу мәселесі бар - вице-министр Е. БіртановАСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде елімізде қала мен ауыл арасында кадрларды дұрыс бөлмеу мәселесі бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов мәлім етті.

«Бүгінде жалпы сала бойынша дәрігерлердің үлкен тапшылығын байқап отырғанымыз жоқ. Халықтың жан басына шаққанда дәрігерлік және мейірбикелік кадрлардың арасалмағы бойынша біз халықаралық нормаларға сәйкес келеміз. Алайда, қала мен ауыл арасында кадрларды дұрыс үлестірмеу мәселесі бар. Қалада дәрігерлермен қамтылу айтарлықтай жақсы», - деді Е. Біртанов.

Сонымен қатар ол деңгейлер бойынша медицина қызметінің мамандарын бөлуде проблема бар екенін айта келе: «яғни, медицина қызметкерлері жалпы тәжірибедегі немесе учаскелік дәрігерден гөрі бір бағыттағы маман болып істеуге қызығушылық білдіреді. Осыған байланысты денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының жобасы аясында салада адами ресурстарды басқару шаралары қарастырылған», - деді.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, сонымен қатар құжатта деңгейлер арасында медициналық ресурстарды қайта бөлуді қамтамасыз ету ескеріліп отыр. Бұл тұрғыда ынталандырушы тетіктер арқылы дәрігерлер мен мейірбикелердің табысын арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Автор:Руслан Ғаббасов

http://inform.kz/kaz/article/2841411

23 ноябрь 2015 г., 21:17 2 273
Телефон доверия

+7 (72438) 27796

Приемная районной больницы

+7 (72438) 27793

Регистратура районной поликлиники

+7 (72438) 22533

Саll-центр

+7 (7242) 400001

Государственные закупки

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan