Ақылы қызмет

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығы.


Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11341 тіркелді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуқағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 304 бұйрығымен
бекітілген

 Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету
қағидалары мен шарттары

 1. Жалпы ережелер

1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан РеспубликасыныңКодексіне сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Ақылы медициналық қызметтер медициналық қызметтерді тұтынушылар болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – пациенттер) көрсетіледі.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
ақылы бөлімшелер (палаталар) – денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы негізде ТМККК-ге кірмейтін медициналық қызметтерді көрсетуге арналған бөлімшелер (палаталар);
ақылы қызметтер –ТМККК-ге кірмейтін, пациенттердің жеке қаражаты, жұмыс берушінің, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден ақы төленетін қызметтер;
денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
тегін медициналық көмектіңкепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын медициналық көмектің бірыңғай көлемі.

 2. Ақылы қызметтер көрсету тәртібі

4. Ақылы медициналық қызметтерді мемлекеттік және жеке меншік медицина ұйымдары аурудың бейіні мен медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензиясы сәйкес келген кезде көрсетеді.
5. Ақылы қызметтердің түрлері және олардың баға прейскуранты медицина ұйымдарындағы көрнекі ақпарат арқылы халықтың назарына жеткізіледі.
6. Азаматтарға ақылы қызметтер көрсету кезінде есеп және есептілік құжаттамасын жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 56272 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша жүзеге асырылады.
7. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы негізде медициналық көмек алған пациенттерге:
1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткен кезде тиісті медицина қызметкерлерінің қорытындысын;
2)стационарлық,стационарды алмастыратын көмек көрсету, қалпына келтіруемі және медициналық оңалту кезінде ауру тарихынан үзінді көшірме;
3) көрсетілген медициналық көмекке жұмсалған шығыстар туралы ақпарат ұсынады.
8. Ақылы медициналық қызметтер денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарт негізінде көрсетіледі.
9. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтердің бағалары медициналық, сервистік қызметтер көрсетуге байланысты барлық шығындар және өзге де қосымша шығыстар ескеріле отырып айқындалады және жарты жылда бір реттен артық қайта қаралмайды.
Ақылы қызметтерге баға ТМККК арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісі белгілейтін ұқсас медициналық қызмет тарифінен төмен белгіленбейді.

 3. Ақылы қызметтер көрсету шарттары

10. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы қызметтер көрсетуді мынадай жағдайларда:
пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішіндебастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасынсыз диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсеткенде;
емдік формулярға енгізілмеген емдік құралдармен емдегенде;
ТМККК-ге кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізгенде;
тиісті жолдамасыз санаторийлік емдеуде;
медициналық көрсетілімдерсіз медициналық-генетикалық зерттегенде;
жұмысқа орналасу және оқуға түсу үшін азаматтарды медициналық тексеріп-қарағанда;
ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсеткенде;
қосымша сервистік қызметтер көрсеткенде жүзеге асырылады.

Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам