» » ҚР-да міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу тұрғындардың денсаулықтарына деген жауапкершілігін арттырады - А. Ақанов

ҚР-да міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу тұрғындардың денсаулықтарына деген жауапкершілігін арттырады - А. Ақанов

ҚР-да міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу тұрғындардың денсаулықтарына деген жауапкершілігін арттырады - А. АқановАЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі тұрғындардың өз денсаулықтарына деген жауапкершілігін арттыра түседі.
Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы Айқан Ақанов мәлім етті.
 
«Сақтандыру медицинасына өту - бұл еліміз үшін нағыз тарихи уақиға болады деп санаймын. Жаңа жүйеде үш қатысушы болады. Олар: мемлекет, емделуші және жұмыс беруші. Ал бүгінгі, отандық денсаулық сақтаудың бюджеттік моделінде барлығына жауапты -  мемлекет. Ол тұрғындардың қажеттілігіне де жауап береді. Сондай-ақ, жұмысшылардың денсаулығын қорғау саласында жұмыс берушінің саясатын да айқындап береді. Міне, осыдан барып денсаулық сақтау саласына тұрғындар тарапынан арқа сүйеушілік-тұтынушылық, медициналық қызметкерлер тарапынан қазыналық, ал жұмыс беруші тарапынан немқұрайлық көзқарас қалыптасады», - деді А. Ақанов.
Ол сонымен қатар, таяуда 140 елдің денсаулық сақтау саласына сараптама жүргізілгендігін айтты. Сараптама қорытындысы бойынша денсаулық үшін ортақ, ынтымақты жауапкершілік ең тиімді жүйе екендігін көрсеткен. Осы елдердің 80 пайызында сақтандыру және тұрғындар тарапынан денсаулық сақтау қызметтері үшін тең төлеу қағидасы қолданылады. Ректор, жаңа денсаулық сақтау моделінде осындай міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асырылатындығын айтты.     
«Бүгінгі денсаулық сақтау моделін пайдаланып жатқан мемлекеттердің барлығы ұтылып жатыр. Тұрғындар сапасыз қызметтер алады, дәрігерлер мен медбикелер жұмыстың сапасын арттыруға аса ынталы емес. Сөйтіп барлығына кінәлі үкімет болып шыға келеді. Әрине, еліміздің әлеуеті жоғары. Жаңа емханалар, клиникалар салынып жатыр. Бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді. Дегенмен, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесін өзгерту қажет-ақ. Тағы да қайталап айтам, жаңа моделде қатысушылар үшеу болады. Олар: денсаулық сақтау жүйесі, емделуші және жұмыс беруші. Осылайша денсаулық сақтау жүйесі жаңа сапаға көшеді», - деді А. Ақанов.
Оның пікірінше, жаңа жүйеде дәрігерлер сапалы медициналық көмек көрсетуге ынталы болады. Жұмыс берушілер өз бизнесінде адам капиталын сақтауға және нығайтуға күш салса, емделушілер өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыра түседі. 
 
 
Автор: Жаппарберген Айбота 
http://inform.kz/kaz/article/2820496

22 қыркүйек 2015 ж., 23:39 1 481
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам