» » Астанада азаматтарды медициналық ұйымдарға тіркеу шаралары басталды

Астанада азаматтарды медициналық ұйымдарға тіркеу шаралары басталды

Астанада азаматтарды медициналық ұйымдарға тіркеу шаралары басталдыАСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне 2016 жылға еркін тіркеу науқаны басталды. Азаматтарды тіркеу ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін өткізіледі, деп хабарлайды astana.kz.
Тіркеу бойынша науқанға елорданың келесі медициналық ұйымдары қатысады:

№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 қалалық емханалар, сонымен қатар, «Достық» отбасылық денсаулық орталығы», «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы», «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы», «Демеу» отбасылық медицинасылық оқу-тәжірибелік орталығы», «Шапағат» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы, «Салауатты» ЖШС, «Медикер Астана» ЖШС, «Медикер Педиатрия» ЖШС, «Медикер» ЖШС Астана қаласының «Медикер» Медициналық орталықтары» филиалы, «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдері» АҚ филиалы - «Орталық жол ауруханасы», «МУА медициналық орталығы» ЖШС, «Көп салалы медициналық орталық «Мейірім» ЖШС, «Киров жанұялық дәрігерлік емханасы» мекемесі.

Айта кетейік, азаматтар мен оралмандар алғашқы медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелеріне аймақтық қызмет көрсету принципіне сай тіркеле алады.

Азаматтарды тіркеу барысында медициналық ұйымдар азаматтардың үйде (науқастарға үй жағдайында медициналық қызмет көрсету, үйге шақыру және т.б.) қаралуы мүмкіндігі жөнінде талқылауға құқылы.

Еске сала кетейік, бүгінгі күнде елордада 40 жуық медициналық мекеме жұмыс істейді, оларда қала тұрғыны тегін медициналық көмек ала алады.
http://inform.kz/kaz/article/2825860
07 қазан 2015 ж., 21:44 1 783
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам