» » Денсаулық сақтау министрлігі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірледі

Денсаулық сақтау министрлігі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірледі

Минздравом разработан законопроект о внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам здравоохранения

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №894 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылға арналған Заң жобаларының жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы)  әзірледі.

Бұл Заң жобасы денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мен дамытуға бағытталған.

Ол медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару жүйесін, медициналық ғылыми қызмет саласын, медициналық білім беру жүйесін, медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру, қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін  жетілдіру сияқты тұжырымдамалық өзгерістерді көздейді.

 Заң жобасы медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау субъектілерінің жауапкершілігін ерікті сақтандыру механизмін, ҚР-ның медициналық өнімдерін қадағалау  және Ұлттық денсаулық сақтау шоттарының жүйесін енгізу мәселелерін де қозғайды.

Одан басқа, заң жобасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының дербес  коммерциялық емес заңды тұлғаға айналуын; донорлық пен транспланттау институтын дамытуды; медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді.

Құжатпен 11 заңамалық актіге, оның ішінде: Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қылмыстық кодексіне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне және Кәсіпкерлік кодексіне түзетулер енгізілуде.

06 наурыз 2018 ж., 12:22 1 548
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам