» » Жыл сайын онкологиялық ауруға шалдыққандар саны 5 пайызға өсіп отырады

Жыл сайын онкологиялық ауруға шалдыққандар саны 5 пайызға өсіп отырады

Жыл сайын онкологиялық ауруға шалдыққандар саны 5 пайызға өсіп отырадыАстана. 7 қазан. Baq.kz – Әлемде онкологиялық ауруларға шалдығатын науқастар саны жыл сайын 5 пайыздық көрсеткішпен өсіп келеді. Бұл жайында бүгін «Астана-Гастро 2015» ХІ халықаралық ғылыми форумы барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой мәлімдеді.

 

 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, рак бүгінгі таңда өлімге себеп болатын ең көп таралған аурулардың бірі. Жыл сайын шамамен 10 миллион адам осы кеселге шалдығып, 6 миллион адам қайтыс болып жатады. Бұл адамдардың өмір сүру жасының көрсеткішіне алдағы уақытта міндетті түрде әсерін тигізетін болады. Атап өту керек, жыл сайын әлемде қатерлі ісікке шалдығатындар саны орта есеппен 5 пайызға артып келеді" деді вице-министр форумның ашылуы барысында.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жиналған әлемдік тәжірибелерге және жаңа технологияларға сүйене отырып, рак ауруын ерте кезеңде анықтауға және оның кей түрлерін емдеуге мүмкіндік бар. Ол үшін тұрғындар жиі скринингтік тексерулерден өтіп, өз денсаулықтарына салғырт қарамауы тиіс. Қатерлі ісіктің кей түрлері ерте бастан белгі берсе, тағы басқа түрлері әбден асқынған кезде ғана мазалай бастайды. Сондықтан, қазіргі жоғары технологияларды пайдалана отырып, тұрғындардың қысқа ғана уақытта тексеруден өткені жөн дейді А.Цой.

 

http://baq.kz/kk/news/ult-sauligi/zhil-saiin-onkologiyalik-auruga-shaldikkandar-sani-5-paiizga-osip-otiradi-72618

07 қазан 2015 ж., 22:29 1 762
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам