» » Қазақстанда алғашқы рет Педиатриялық көмекті ұйымдастыру стандарты бекітілді

Қазақстанда алғашқы рет Педиатриялық көмекті ұйымдастыру стандарты бекітілді

Қазақстанда алғашқы рет Педиатриялық көмекті ұйымдастыру стандарты бекітілді
 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсету мақсатында  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде балаларға медициналық көмек көрсетудің жалпы қағидаттарын белгілейтін Стандарт бекітілді.

Аталған құжат еліміздегі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы «UMC», Қазақ үздіксіз білім беру медициналық университеті, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» ШЖҚ РМК және т.б. тәрізді жетекші медициналық мекемелердің мамандарының қатысуымен әзірленді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ұсынған нәрестелер мен ерте жастағы балаларды үй жағдайында патронаждық бақылаудың жаңа әмбебап-прогрессивті моделін ұйымдастыра отырып алғашқы рет медициналық қызметтер тізбесі белгіленді. Жаңа модель баланың өміріне, денсаулығына және дамуына қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдерді анықтауды және төмендетуді көздейді. Еліміздегі халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көп көңіл бөлінеді. Нақты бір отбасының анықталған күрделі мәселелеріне байланысты баланы патронаждық бақылау шараларының жеке жоспары әзірленіп және орындалу мерзімі көрсетілген отбасының жеке жоспары жасалынады.

Стандарт 0-ден бастап 18 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы, өлім-жітімі және мүгедектігінің профилактикасы мен оларды төмендету бойынша аталған шараларды жүргізуді көздейді.

Сонымен қатар, нәрестелерге стационарлық көмекті ұйымдастыруды жақсарту мақсатында балаларды жаңа туылған кезден бастап емдеу үшін қажетті медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі белгіленді. Стандартта өңірлердегі ауыр халде жатқан және Республикалық медициналық ұйымдарға жатқызу жоспарланған нәрестелерді тасымалдаудың ережесі, сондай-ақ балаларға осы емдеу деңгейінде көрсетілетін медициналық қызметтің түрі және диагноз қоюдың қиын жағдайында немесе аурудың үдеуі кезінде баланы емдеудің тәсілдері белгіленді.

15 наурыз 2018 ж., 09:11 1 973
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам