» » Денсаулық сақтау министрлігі Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық-медициналық қарап-тексерулер жүргізу қағидаларына түзетулер енгізді

Денсаулық сақтау министрлігі Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық-медициналық қарап-тексерулер жүргізу қағидаларына түзетулер енгізді

Денсаулық сақтау министрлігі Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық-медициналық қарап-тексерулер жүргізу қағидаларына түзетулер енгізді
 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық-медициналық қарап-тексерулер жүргізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Скринингтермен қамтуды ұлғайту жасы бойынша белгілі қауіп тобындағы халықтың аз санының профилактикалық зерттеп-қарауға барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ скринингтер тиімділігінің деңгейін арттыруға, ауруларды ерте анықтауға және өлімнің деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нәтиже алу үшін тиісті халықтың кемінде 70%-ын қамтуды ұсынады.

Бұйрыққа сәйкес скринингтік қарап-тексерулердің саны оңтайландырылды және қуықасты безі, өңеш және асқазан обырын ерте анықтауға скрининг тоқтатылды, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен  орта арнайы және жоғары оқу орындарының 17 және одан жоғары жастағы оқушыларының арасында психикалық белсенді заттарды тұтыну қаупінің деңгейін ерте анықтау мен алдын алуға  сауалнама мен тестілеу арқылы скринингтік зерттеулер алып тасталды.

Скринингтің жас тобы кеңейтілді және зерттеп-қараудың кезеңділігі айқындалды. 2 жылда 1 рет жүргізу кезеңділігімен 40 жастан бастап 70 жасқа дейін артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабетінің скринингі, 4 жылда 1 рет кезеңділікпен 30-70 жас аралығындағы әйелдердің жатыр мойны обырының скринингі, 2 жылда 1 рет 40 жастан бастап 70 жасқа дейін сүт безі обырының скринингі (бұрын скринингке жүргізілетін әйелдердің жасы 50-60 жас болатын). Колоректалдық обырды ерте анықтауға арналған скринингті полипозға, тоқ ішек обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмаған 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер бұрынғыдай өтеді. 

Одан басқа, балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қараулар толықтырылды.

Құрамына уәкілетті органның өкілдері, медициналық ұйымдардың басшылары, онкология саласындағы мамандар, жоғары оқу орындарының, үкіметтік емес  және аккредиттелген ұйымдардың өкілдері кірген Министрліктің жұмыс тобы онкологиялық скринингтерді жетілдіру  шеңберінде  2010 жылғы «Жатыр мойны обырымен кешенді күрес» ДДҰ ұсынымдарына негізделген дәстүрлі немесе сұйықтық цитологиясы әдістерімен жатыр мойны обырын ерте анықтауға скрининг жүргізуге өзгеріс енгізді.  ДДҰ ұсынымдарында «скринингтің жақсы әдісі нақты, жаңа, арзан, орындау мен бақылау үшін жеңіл, қолайлы, қауіпсіз болуы тиіс». Жоғарыда аталған әдістер көп немесе аз жағдайда жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеулердің (стандарттық және сұйық препараттар) өлшемшарттарына сәйкес келеді. 

Скринингтік қарап-тексерулерді оңтайландыру қатерлі ісіктер мен инфекциялық емес ауруларды ерте анықтауға, сондай-ақ халыққа сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

15 наурыз 2018 ж., 09:17 717
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам