» » Мойын остеохондрозы деген не? Оны қалай емдейді?

Мойын остеохондрозы деген не? Оны қалай емдейді?

Мойын остеохондрозы деген не? Оны қалай емдейді?
 

Остеохондроз дегеніміз – омыртқа аралық шеміршектердің, яғни дисктердің, сол жердегі буындардың, сүйектерінің ауруы.

Бұл ауру, көбінесе, жасы 40-50-ден асқан үлкен адамдарда кездеседі. Себебі ағза қартайғанда омыртқа арасындағы дисктер құрғап, иілгіштігін жоғалта бастайды. Отырып жұмыс істейтін кеңсе қызметкерлері мен жастарда мойын және бел остеохондрозы кездеседі.

 

Аурудың себебі

Артық салмақ, денеге түсетін ауырлық, жарақат, күйзеліс, дұрыс тамақтанбау – бәрі остеохондрозды тудырады. Себебі ағзада зат алмасу бұзылған кезде де омыртқа аралық дисктердің иілгіштігі азайып, омыртқа сүйектерінің арасы бір-біріне жақындап, жұлын нервтерін қысып қалады. Сол жер ауырады да, ісіп кетеді.

Остеохондроз балаларда өте сирек кездеседі. Тек туу кезінде жарақат алған немесе бұлшық ет корсеті әлсіз балаларда болуы мүмкін. Бірақ жас балалардағы остеохондрозды емдеу оңай.

 

Аурудың алғашқы белгілері

Невропатологке мойын айналасындағы ауырсынуларға шағымданып келетіндер көп. Біз оларды анықтап, нақты диагнозын көрсетіп беруіміз керек. Мойын остеохондрозының ең бірінші симптомы – омыртқадағы ауру. Негізі, ол аурудың себептері көп. Оның нақты сол ауру екенін анықтау үшін рентген, МРТ жасау қажет. Кейде көпшілік оны миозитпен (бұлшық еттің қабынуы) шатастырады.

"Мойын остеохондрозы кезінде миға оттегі жетпей қалуы мүмкін” деген түсінік бар. Бірақ оттегі жетпей қалу мәселесі қан айналым жүйесіне байланысты. Ол бұлшық ет жиырылуынан болуы мүмкін, бірақ бұл – остеохондроздың негізгі емес, жанама белгілері.

 

Емдеу жолдары

Емделу үшін бірінші невропатологке бару қажет. Міндетті түрде! Себебі остеохондроздың бірнеше деңгейі бар: ол енді басталып келе жатуы, қауіпті болуы немесе асқынып кетуі мүмкін. Ал үйде емделген жағдайда оның қай деңгейде екенін анықтау мүмкін емес.

Егер енді басталып келе жатса, бұлшық ет корсетінің әлсіздігінен пайда болса, оны түрлі жаттығулар жасап, жақпа майлар жағып, емдеуге болады.

Ел арасында "Мойын остеохондрозын балмен емдеуге болады” дейді. Дәрігер ретінде мен оны қабылдай алмаймын. Мүмкін, жоғарыда айтқанымдай, бастапқы кезеңінде болып, нерв әлі зақымданбаса, балды қолдануға болатын шығар. Бірақ ондай емдеу тәсілі бізде жоқ. Біз Еуропа стандартына сай дәрі-дәрмектермен емдейміз.

 

Жаттығулар

Мойын остеохондрозы кезінде түрлі жаттығулар жасау керек. Ол үшін емдік дене шынықтырумен айналысқан дұрыс. Ол өте ұзақ процесс болса да, жақсы көмектеседі.

  • Бассейнге бару керек. Адам суда түскенде барлық бұлшық еттері босаңсып, өзінің бастапқы күйіне түседі;
  • Табиғатқа жақын болу керек. Бір уақыт жалаң аяқ жүрген дұрыс. Ол табандағы нүктелерге массаж жасаған сияқты әсер етеді. Ауылда өскен балалар неге сирек ауырады? Себебі олар табиғатқа жақын өскен: табиғи таза тамақ ішеді, жалаң аяқ жүгіреді, таза ауада серуендейді. Ондай балаларда невроз өте сирек кездеседі;
  • Аптасына бір рет тауға барып, жату керек. Сол жерде энергия аласың. "Жер-Ана” деп бекер айтпайды ғой. Қаладан шығып, тау самалын сезінгенде шаршау бірден басылады.
  • Дұрыс тамақтанатын адамда остеохондроз болмайды. Ағзаға керекті кальций, форфор, цинк сияқты пайдалы микроэлементтердің бәрі тамақпен беріледі.
  • "Д” дәрумені жеткілікті болуы керек.
15 наурыз 2018 ж., 17:31 4 111
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам