» » Бүйрекке тас байлану ауруы, этиологиясы, өршітетін факторлар, клиникалық белгілері. Бүйрек шаншу ұстамасында жедел жәрдем көрсету.

Бүйрекке тас байлану ауруы, этиологиясы, өршітетін факторлар, клиникалық белгілері. Бүйрек шаншу ұстамасында жедел жәрдем көрсету.

Бүйрекке тас байлану ауруы, этиологиясы, өршітетін факторлар, клиникалық белгілері. Бүйрек шаншу ұстамасында жедел жәрдем көрсету.
 
Бүйрекке тас байлану ауруы, этиологиясы, өршітетін факторлар, клиникалық белгілері. Бүйрек шаншу ұстамасында жедел жәрдем көрсету.
 

Бүйрек тас ауруы - бүйректерде және зәр шығару жүйесінің басқа мүшелерінде тас пайда болуымен сипатталатың ауру. Бүйрек тас аурулары урологияда жиі кездесетін ауру. Жиі 30-55 жастағы адамдарда кездеседі.

Тас көбіне сол бүйрекке қарағанда, оң бүйректе жиі байқалады.

Бүйрек тас аурының негізгі симптомдары:

· Бел аймағының ауырсынуы

· Гематурия

· Лейкоцитурия

· Дене температурасының жоғарылауы

· «Соққылау» симптомы оң

Бүйрек шаншуының себептері:бүректас ауруы, гидронефроз, нефроптоз, туберкулезде несепағардың қанмен, казеозды массалармен бітелуі, несепағардың ісікпен бітелуі, поликистоз. Бүйрек шаншуы кезінде несептің жоғарғы зәр шығару жолдарымен ағуы бұзылып (тостағанша түбекше жүйеде, несепағарда), осы жерде қысым жоғарылап, бүйрек паренхимасының ісінуі, фиброзды капсуласының керілуі пайда болады.

Себепші факторлары: ұзақ уақыт жаяу жүру, жүгіру, ауыр көтеру, мотоциклмен жүру. Кейде бүйрек шаншуы тыныштықтада пайда болуы мүмкін.

Бүйрек шаншуының клиникалық белгілері:

· бел аймағындағы ауырсыну, ауырсыну біртіндеп несепағар арқылы таралып, шапқа, жыныс мүшелеріне беріледі

· жүрек айну, құсу

· дене температурасының жоғарылауы, қалтырау

· ауырсын сезімінен науқас өзіне орын таппайды

· терісі боз

· «соққылау» белгісі оң мәнді

· кейде макрогематурия

Жедел жәрдем:

Дәрігерді шақырту

- ыңғайлы жағдай жасау.

Дәрі-дәрмектерді дайындау:

- «Плеспа» (дротаверин) 2 мл б/е (спазмолитик)

- Кеторол 1мл б/е (СЕҚҚП)

Әсері болмаса:

- 1% - 1,0 мл промедол ерітіндісін к/т енгізу (наркотикалық анальгетик)

-жылы ванна (ыстығы болмаса, су температурасы 380 тан , жайлап 400 көтеру -15-20минут)

Урология бөлімшесіне жеткізу.

 
19 наурыз 2018 ж., 12:12 1 975
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам