» » Д.Назарбаева: Денсаулық сақтау саласындағылар үшін халықтың әділ бағасын алу - басты міндет

Д.Назарбаева: Денсаулық сақтау саласындағылар үшін халықтың әділ бағасын алу - басты міндет

Д.Назарбаева: Денсаулық сақтау саласындағылар үшін халықтың әділ бағасын алу - басты міндетАСТАНА. ҚазАқпарат - Халыққа медициналық қызмет етудің сапасын көтеру және тұрғындардың қажеттілігіне орай қызмет ету - бұл ел денсаулық саласындағы басты міндет, деп мәлімдеді елордалық әкімдікте болған кездесуде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева.

«Мемлекет медицина және денсаулық сақтауға өте көп қаржы салды. Сондықтан көршілес аймақтар Ресей мен Қытай тәрізді бүгінгі таңда бізде де медициналық қызмет сапасын көтерудің орасан зор мүмкіндіктері бар. Бәрінен бұрын қазақстандықтар тарапынан әділ баға алу біздің әрқайсымыздың қазіргі уақыттағы басымдықты міндетіміз», - деп атап өтті Д.Назарбаева.

«Бізге медициналық көмектің қолжетімділігіне, сондай-ақ медициналық қызмет сапасына байланысты шағымдар көп түседі. Жалпылай айтқанда, көңіл толмаушылық деңгейі жоғары екені байқалады. Бұл қос тарапқа - дәрігерлер мен азаматтарға да тән болып отыр. Сіздер де жақсы білесіздер, шетелдерде медициналық қызметті пайдаланатындар саны артып барады», - Премьер-Министрдің орынбасары осындай пікірде.

Ол құрылатын міндетті медициналық сақтандыру қоры медициналық мекемелер мен дәрігерлерді рейтингті көтеруге, халықаралық аккредитация алуға және жалпы алғанда, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ынталандыратынына сенімді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Сондай-ақ Д.Назарбаева денсаулық сақтау мекемелерінде дұрыс психологиялық ахуалды қалыптастыру мәселесіне де баса назар аударды.

 

http://www.inform.kz/kaz/article/2837805


11 қараша 2015 ж., 22:34 2 146
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам