» » Алматы əкімнің орынбасары жас дәрігерлерді ынталандыру жүйесін қарауды ұсынды

Алматы əкімнің орынбасары жас дәрігерлерді ынталандыру жүйесін қарауды ұсынды

Алматы əкімнің орынбасары жас дәрігерлерді ынталандыру жүйесін қарауды ұсындыАЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы əкімнің орынбасары Арман Қырықбаев бүгін ҚР Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеновамен кездесу барысында қаланың медициналық қауымының басты аманатын министрге жеткізді.

Əкімнің орынбасары бірінші кезекте жас мамандарды ынталандыру жүйесін қарауды ұсынды.

«Кадр мəселесі бойынша, жас дəрігерлерге стимул жасалса. Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеу моделімен таныстық. Одан өзге де жатақхана салу бойынша ынталандыру тетіктері қарастырылса. Сондай-ақ, орта медициналық персоналды дуалды оқыту жүйесі жетілдірілсе деген тілек бар. Жəне де дəрілік заттардың жетуі үлкен проблема болып отыр. Кейде сапасыз тауар жетеді, кейде уақыты ұзарып кетеді. Осы мəселені де қарауыңызға алуды өтінемін»,- деді Арман Қырықбаев.

Сондай-ақ, Арман Қырықбаев медициналық техникамен қамту кезінде Алматының ауқымы ескерілмейтінін жеткізді.

«Алматы аймақ бойынша медициналық қызметтің басым бөлігін атқарып отыр. Бұл медициналық құрал-жабдықпен қамтуға ақша бөлу кезінде ескерілмейді. Аталған мəселе бағдарламада көрініс таппаса да тыңғылықты қаралса екен»,-деді қала әкімінің орынбасары.
Өз кезегінде министр жаңа еңбекақы төлеу моделі арқылы медициналық кадрларды ынталандыру жүйесі өзгеретінін жеткізді.
«Ал дəрі-дəрмек мəселесіне келсек, СК «Фармация»-ға барлық аймақтарды аралау туралы тапсырма берілді. Олар жақында сіздерге де келеді. Осыған дейін 4 жеткізушіні сотқа бердік. Ал медициналық құрал-жабдыққа келсек, біз болашақта оны лизинг жүйесі бойынша алатын боламыз. Енді құрал-жабдықтың құнын медициналық ұйымдар тарифтың есебінен қайтаруы тиіс»,- деді министр.

Автор:Гүлмира Ғосманәли

http://inform.kz/kaz/article/2838773

13 қараша 2015 ж., 20:21 2 168
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам