Астанада 3 ғылыми-технологиялық кластерді дамыту қажет - Н. Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Тәуелсіздік сарайында "Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан партияның кезектен тыс 17-ші съезінде Елбасы Астанада жоғары технологиялық, биомедициналық және геологиялық кластерлерді дамыту қажеттігін айтты.
«Астанада 3 ғылыми-технологиялық кластерді дамыту қажет. Олар - жоғары технологиялық, биомедициналық және геологиялық кластерлер», - деді ҚР Президенті.
Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды.
http://www.kazinform.kz/kaz/article/2865164