» » Қазақстан делегациясы түрік медициналық туризм жұмысымен танысып шықты

Қазақстан делегациясы түрік медициналық туризм жұмысымен танысып шықты

Қазақстан делегациясы түрік медициналық туризм жұмысымен танысып шықты 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында қазақстандық дәрігерлер тобы және мемлекеттік медициналық мекемелердің өкілдері білімін жетілдіру мақсатында Түркияда арнайы тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды Түркиядағы Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметінен.

Делегацияның Түркияға келуін Анталья муниципалитеті, Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі, сонымен қатар Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен, ТР Батыс Жерорта теңізі өңірін дамыту агенттігі және «Remed Assistance» халықаралық сақтандыру компаниясы ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты Түркиядағы медициналық туризмді дамыту бағдарламалары аясында қазақстандық әріптестерді Анталья өңірінде орналасқан емханалардың әлеуетімен таныстыру және тәжірибемен алмасу.

Қазақстанның медицина мекемелерінің өкілдері тағылымдамадан өту барысында Антальяның орталық ауруханаларында болып, ауруларды анықтау, емдеу салаларындағы Түркия тәжірибесімен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар Қазақстан делегациясы ауруханалардың штаттық құрылымымен, ауруларды емдеудегі заманауи әдістермен, технологиялармен танысты.

Тағылымдамадан өту барысында денсаулық сақтау мәселелеріне жауапты Анталья провинциясы Губернаторының орынбасарының басшылығында жергілікті әкімшілігі мен медициналық мекемелердің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді. Аталған іс-шара барысында Анталья провинциясындағы денсаулық сақтау саласының қалыптасуы, әлеуеті және медициналық туризмді дамыту мақсатында баяндама және сұрақ-жауап форматында талқылаулар болды.

Қазақстан дәрігерлері тобы Анталья қаласындағы Жерорта университетінің негізінде ұймдастырылған ғылыми-зерттеу емханасына барып қайтты.

Делегация сапары бағдарламасының аясында Анталья провинциясының мемлекеттік және төрт алдыңғы қатарлы жеке емхананың жұмысымен танысу да қарастырылған.

Түрік медицинасының тәжірибесі қазақстандық медициналық мекемелері, зерттеу орталықтары, амбулаторлық және сауықтыру емдеу профилакторийлері жұмысының дамуына өзіндік үлес қоспақ.

 

http://www.kazinform.kz/kaz/article/2875659

02 наурыз 2016 ж., 19:05 2 499
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам