» » Қазақстанда ЖИТС-ке қарсы науқан басталды

Қазақстанда ЖИТС-ке қарсы науқан басталды

Биылғы жылы ЖИТС-пен күрес науқаны «Мен АИТВ-ң алдын алуды қолдаймын!». ұранымен жүрмек. Қазіргі таңда әлемде АИТВ-инфекциясын жұқтырған шамамен 50 миллионан астам кісі тіркелсе, 25 миллионнан астам адам осы аурудан көз жұмған. Ал 17 миллион халқы бар Қазақстанда бүгінде 26 мыңнан астам қазақстандық АИТВ-инфекциясын жұқтырса, 1000-нан жуық науқас осы дерттен қаза болған.

Қазақстанда АИТВ-инфекциясын жұқтырғандар саны жыл санап артуда. Сондықтан, мамандарды елдің эпидемиологиялық ахуалы алаңдатып отырғандығын айтады.Қазақстанда 26 мың 453 АИТВ-инфекциясын жұқтырған адам тіркелген. Бұл сан барған сайын өсіп жатыр. Инфекцияның өсім қарқыны мен таралу деңгейі алаңдатады. Тек қана былтырғы жылмен салыстырғанда, Қазақстанда ЖИТС/АИТВ-инфекциясы тіркелуінің екі есе өсуі байқалады.Алайда, бұл ресми мәліметтер. Шын мәнісінде жағдай одан гөрі нашарлау, Қазақстандағы АИТВ-инфекциясын жұқтырғандар саны одар артық деп есептейді. Сырқатқа шалдыққандардың бәрі бірдей тіркелмеген, бәрі бірдей анықталмаған. Бірақ, білікті халықаралық сарапшылардың есептері бойынша, шын мәнісінде АИТВ-инфекциясын жұқтырғандар саны біздегі ресми тіркелгендерден 2-3 есеге артық. Дегенмен, мәселе – олардың санында емес, олардың аса қауіпті таралу динамикасында. Себебі, ЖИТС-тің Қазақстандағы бүгінгі көрсеткіші төмен. Бірақ, қазір ЖИТС эпидемиясы кең етек алып отырған көптеген елдер де 10-12 жыл бұрын тап осындай деңгейде болған. Аурудың өсім қарқыны байқалған кезде оның таралу ауқымы да жылдам артады. Қазақстанда АИТВ/ЖИТС инфекциясын жұқтырғандарды анықтап, осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен жұмыс жүргізу керек.
- Өйткені, аурулар кімдер? 30,2
пайызы – нашақорлар. Сонымен бірге 62,3% жыныстық қатынас қызметкерлері. Сонан кейін 6.4%  пайызы –анықталмағандар. Жалпы, нашақорлар саны да ашық емес. Ол үшін олардың санын он есеге көбейту керек.Сонымен бірге ол бүгінгі таңда ЖИТС-ке шалдыққандар қоғамда керексіз адамдарға айналып, олардың құқықтары қорғалмай отырғарнын айтады.Бүгін ЖИТС-пен ауыратындар ешкімге керек болмай отырғаны ешкімге құпия емес. Оларды емдеудің орнына жұмысқа алмайды, олар бір жерге барса, қудалай бастайды. Сондықтан, ең бірінші олардың құқығын қорғау керек! Заң бойынша олар тек қан тапсыруда донор бола алмайды, ал қалған жағдайда барлық адамдармен құқықтары бірдей. Қазақстанда АИТВ/ЖИТС инфекциясына шалдыққандардың 54,7 пайызы – жұмыссыздар. Ал бұл ауруға шалдыққандардың 41,8 пайыздан астамын 30-39 жастағы жастар құрап отыр. 


Қызылорда облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының

Қазалы ауданындағы филиалының эпидемиолог көмекшісі Т.Айбасов, лаборант А.Жандәулет 

 


23 қараша 2016 ж., 09:24 877
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам