Баймаханов Галымбек Курманбаевич Емхана бөлімінің меңгерушісі
Баймаханов Ғалымбек Құрманбаевич – емхана бөлімінің меңгерушісі, жоғары медициналық білімі бар білікті дәрігер.2016 жылдың 1 наурызынан бастап емхана бөлімін басқарып келеді. Басшылық қызметі барысында бөлімнің емдеу-диагностикалық жұмысының сапасын арттыруға, медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп келеді.
Емхана бөлімінің жұмысын үйлестіріп, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің қызметін ұйымдастырады. Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстарды жетілдіру, тұрғындарға көрсетілетін алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жақсарту және денсаулық сақтау саласындағы заманауи талаптарды енгізу бағытында жүйелі еңбек етуде.
Көпжылдық тәжірибесі, кәсіби біліктілігі және жауапкершілігінің арқасында ұжым арасында құрметке ие маман.








