» » » Қазалы ауданы денсаулық саласын басты назарға қойған

Қазалы ауданы денсаулық саласын басты назарға қойған

Қазалы ауданы денсаулық саласын басты назарға қойған
Аудан бойынша халық саны 75 мыңнан астам болса, 65 мыңға жуық тұрғындар осы орталық ауруханаға тексеріледі. Қәзіргі таңда, амбулаториялық- емханалық қызметі бар ауруханаға: 1 аурухана, 1 орталық емхана, 2 ауылдық емхана, 1 қалалық құрылымдық бөлімше, 16 дәрігерлік амбулатория мен 18 медициналық бекет қарайды. Жыл сайын денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көлеміде жаман емес. 19 млн 925 мың теңге емдеу мекемесінің материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында жұмсалған. Нәтижесінде 4 млн 980 мың теңгеге перзентханаға ананың құрсағындағы нәрестенің жүрек соғысын тыңдайтын аппарат пен стомотологиялық кресло, жұқпалы ауруларды анықтайтын ИФА «ТЕГАМ» құрылғысы сатып алыған. Сондай-ақ осы апараттармен жұмыс жасау үшін кадрларды қайта оқыту курстарынан өткіздік дейді бас дәрігер. Өзге қалаларда оқуын жалғастырып келген, қайта тәжірбиеден өткен дәрігерлер күрделі отаны облыс орталығындағы ауруханаға, науқасты жолдама арқылы жібермей-ақ, өздері жасап келеді. Мұндай отаның бірі бүгін өткізілді. Өт жолындағы тасты лазермен күйдіріп, камерамен бақылау арқылы алып тастады. Ота бөлемісіндегі науқас 1988 жылы туылған аудан азаматшасы. Бұрындары бел бөлігінің аурына шағымы болмаған. Тек 1 ай көлемінде тексеріске келіп жүрген науқас соңғы үш күнде қатты мазасызданған. Содан барлық тексеруді жүргізген дәрігерлер өт жолында тас жиналу деген диагнозын қойған. Тағы да бұл ауруханадағы бір ерекшелік бірнеше дәрігер бірігіп ем жүргізеді, яғни бірін бірі толықтырып тұрады. Осы уақытқа дейін ота жасау барысында асқыну кездеспеген. Білікті кадр мамандары Наршабай Көбек, Наршабаев Бақытжан, Қамысбай Пайзулла сынды ақ халатты абзал жандар деп атады бас дәрігер. Сондай-ақ Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетідіру институты мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының әріптестігінің арқасында 1 неонатолог, 4 акушер-гинеколог, 5 жалпы тәжірибелік дәрігерлер және 12 акушерлер біліктілігін арттырған. 

http://kogamtv.kz/%D2%9Bazaly-audany-densauly%D2%9B-salasyn-basty-nazar%D2%93a-%D2%9Boj%D2%93an/ 

Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам