» » 20 жыл ішінде елімізде туберкулездан болатын өлім-жітім 5 есе азайған - А.Цой

20 жыл ішінде елімізде туберкулездан болатын өлім-жітім 5 есе азайған - А.Цой

20 жыл ішінде елімізде туберкулездан болатын өлім-жітім 5 есе азайған - А.ЦойАСТАНА. ҚазАқпарат - 20 жыл ішінде Қазақстанда туберкулезден көз жұматын азаматтар саны 5 есеге азайған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алексей Цой мәлім етті.
«2014 жылдың қорытындысы бойынша, 1995 жылмен салыстырсақ, азаматтарымыздың орташа өмір сүру жасы 8 жасқа артқан. 20 жыл ішінде қан-тамырлар ауруынан өлетін азаматтардың саны 2,3 есеге, туберкулезден болатын өлім-жітім саны 5 есеге азайған. Оқыс жағдайлардан, улану мен жарақаттан көз жұматындардың саны 1,6 есеге кеміп отыр»,-деді А.Цой.

Вице-министр сондай-ақ қазір Қазақстан бойынша неше аурухана мен емхана жұмыс істеп тұрғанын еске салып өтті.

«Қазір Қазақстанда 911 аурухана мен 3 164 амбулаториялық емхана ұйымы жұмыс істейді, олардың 729-ы және 2 175 амбулаториялық емхана мемлекет меншігіндегі ұйым болып саналады. Республика бойынша 229 мың медицина қызметкері жұмыс істесе, оның ішінде 70 мыңнан астам дәрігер бар», -деп хабарлады А.Цой.

 Автор: Кенжекей Тоқтамұратқызы
http://inform.kz/kaz/article/2816218
10 қыркүйек 2015 ж., 22:47 1 761
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам