20 жыл ішінде елімізде туберкулездан болатын өлім-жітім 5 есе азайған - А.Цой

«2014 жылдың қорытындысы бойынша, 1995 жылмен салыстырсақ, азаматтарымыздың орташа өмір сүру жасы 8 жасқа артқан. 20 жыл ішінде қан-тамырлар ауруынан өлетін азаматтардың саны 2,3 есеге, туберкулезден болатын өлім-жітім саны 5 есеге азайған. Оқыс жағдайлардан, улану мен жарақаттан көз жұматындардың саны 1,6 есеге кеміп отыр»,-деді А.Цой.
Вице-министр сондай-ақ қазір Қазақстан бойынша неше аурухана мен емхана жұмыс істеп тұрғанын еске салып өтті.
«Қазір Қазақстанда 911 аурухана мен 3 164 амбулаториялық емхана ұйымы жұмыс істейді, олардың 729-ы және 2 175 амбулаториялық емхана мемлекет меншігіндегі ұйым болып саналады. Республика бойынша 229 мың медицина қызметкері жұмыс істесе, оның ішінде 70 мыңнан астам дәрігер бар», -деп хабарлады А.Цой.
Автор: Кенжекей Тоқтамұратқызы
http://inform.kz/kaz/article/2816218