Таза ауада ойнау көру қабілетін жақсартады - ғалымдар

3 жылға созылған зерттеу жұмыстарына 12 бастауыш мектеп қатысқан. Олардың алтауында оқушылар күніне 40 минут таза ауада ойнаса, қалған алтауында күнделікті сабақ кестесімен жүріп отырған. Ал, демалыс күндері балалардың таза ауада өткізген уақыты шамалас.
Айта кету керек, осы зерттеу басталғанға дейін оқушылардың екі пайызында миопия (алыстағыны көру қабілетінің нашарлауы) ауруы болған. Эксперимент соңына жеткен кезде күнделікті далада ойнаған балалардың 30 (853 баланың 259-ы) пайызында миопия ауруының бар екені анықталса, екінші топтағы балаларда бұл көрсеткіш 40 пайызға жеткен (726 баланың 287-і).
Қытай балаларының арасында көп тараған аурулардың бірі - алыстан көру қабілетінің нашарлауы. Дегенмен, оның нақты қандай себептен туындайтынын ғалымдар әліге дейін таппай келеді.
http://baq.kz/kk/news/paidali-kenes/taza-auada-oinau-koru-kabiletin-zhaksartadi-galimdar-71618