» » Таза ауада ойнау көру қабілетін жақсартады - ғалымдар

Таза ауада ойнау көру қабілетін жақсартады - ғалымдар

Таза ауада ойнау көру қабілетін жақсартады - ғалымдарАстана. 16 қыркүйек. Baq.kz – Күніне 40 минутын таза ауада өткізген бала көз ауруларына сирек шалдығады. Бірнеше жыл зерттеу жүргізген Қытай ғалымдары осындай қорытынды жасап отыр.
3 жылға созылған зерттеу жұмыстарына 12 бастауыш мектеп қатысқан. Олардың алтауында оқушылар күніне 40 минут таза ауада ойнаса, қалған алтауында күнделікті сабақ кестесімен жүріп отырған. Ал, демалыс күндері балалардың таза ауада өткізген уақыты шамалас.
Айта кету керек, осы зерттеу басталғанға дейін оқушылардың екі пайызында миопия (алыстағыны көру қабілетінің нашарлауы) ауруы болған. Эксперимент соңына жеткен кезде күнделікті далада ойнаған балалардың 30 (853 баланың 259-ы) пайызында миопия ауруының бар екені анықталса, екінші топтағы балаларда бұл көрсеткіш 40 пайызға жеткен (726 баланың 287-і).
Қытай балаларының арасында көп тараған аурулардың бірі - алыстан көру қабілетінің нашарлауы. Дегенмен, оның нақты қандай себептен туындайтынын ғалымдар әліге дейін таппай келеді.

http://baq.kz/kk/news/paidali-kenes/taza-auada-oinau-koru-kabiletin-zhaksartadi-galimdar-71618
16 қыркүйек 2015 ж., 13:56 2 051
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам