ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНА. ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру Президент жолдауы мен
«Цирфлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жекелеген бастама
ретінде жүзеге асырылмақ. Осы жылдың аяғына дейін бірыңғай интеграциялық
платформаны енгізу жоспарланып отыр. Оның аясында Қазақстанның әр
азаматы өзінің денсаулық төлқұжатына ие болады. Қағазсыз құжат жүргізу
жүйесі 2018 жылдың басынан пилоттық жоба ретінде Қарағанды, Ақмола,
Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында іске асырыла бастады. Ал 2019
жылдың қаңтарынан бастап еліміздегі медициналық мекемелердің бәрі жұмыс
істеудің электронды форматына көшеді.