» » Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалдыБүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев облыс активіне денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының лауазымына Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы тағайындалды.
А.Әлназарова 1971 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын - дәрігер-педиатр, 2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін - экономист мамандықтары бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері ретінде бастаған. 2001-2004 жылдары - Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 2005-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облыстық басқармасының бастығы, Қызылорда медициналық колледжінің директоры, 2013-2014 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2014 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келді.
Айта кету керек, соңғы 3 жыл ішінде аймақтың әлеуметтік саласын дамытуға қыруар қаржы жұмсалып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде денсаулық сақтау саласының нысандары жаңартылып, материалдық-техникалық базасы күшейтілду. Бүйрек ауыстыру, жүреккке ота жасау сияқты оталарды жергілікті дәрігерлер жасауға жағдай жасалды. Ана мен бала денсаулығы да үнемі бақылауда. Халыққа көрсетілетін қызметтің 83 пайызы медициналық қызметке байланысты. Сондықтан медициналық қызметтің сапасын арттыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы жұмыстарды жалғастыру енді Ақмарал Әлназароваға жүктеліп отыр.

Қызылорда Облысының Әкімдігі

https://www.facebook.com

03 қараша 2015 ж., 22:00 3 480
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам