Шақалақтар шаттыққа бөледі

Дүние есігін ашқан әрбір сәби өзін күткендерге ерекше қуаныш ала келетіні белгілі. Себебі ол әкенің ізін жалғап, ананың қолқанаты болады. Өмірдің бір кетігіне кірпіш боп қаланып, еліне қызмет етеді. Жарық әлемге қай уақытта келсе де, сәбидің туылуы – бақыт. Ал сағат тілі жаңа жыл таңын сүйіншілегенде «іңгәлап» жеткен нәрестенің тағдыры тіптен ерекше.

Аудандық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, биылғы жыл аяқталған сәтте босанған нәзік жандылардың көңіл-күйлері тамаша болған. Әлем халқы тойлайтын мерекеде ана атану – олар үшін үйреншікті жағдай емес. Мерекелік той-думанға сай сәбилер де еш қиындықсыз туылған.

– Желтоқсанның 31-інен 1-ші қаңтарға қараған түні Жауһар, Мерей, Шахназ, Асыл есімді қыз бала мен Омар атты ұл бала жаңа жылды аналарының құшағында қарсы алды. Ал 1-2 қаңтар күндері 3 ұл мен 6 қыз туылды. Әр жылдың осы күні біз көптеген аналармен отбасылардың шаттығына куә боламыз. Бұл мерекені тойлаған жандардың қуынышы әлдеқайда бөлек, – дейді аудандық орталық аурухананың босану бөлімінің неонатологы Ардақ Оспанова.

Сондай-ақ, неонатолог жаңа жылдың алғашқы күндерімен қабаттаса кіндігі кесілген шақалақтардың барлығы да жылап туылғанын айтты. Бұл олардың денсаулығының дұрыстығын көрсетеді екен.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
09 қаңтар 2019 ж., 12:23 1 252
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам