» » Қазалы аудандық орталық аурухана өткен жылды қорытындылады

Қазалы аудандық орталық аурухана өткен жылды қорытындылады

Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасында 2018 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісі өтті. Басқосуға Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Искаков, "Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан және аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, мамандар қатысты.

Басқосуда алдымен аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлжихан Нысанова Қазалы аудандық орталық ауруханасының 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер туралы айтып берді.

– Амбулаториялық емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасы бойынша аудандық медицина саласы үшін 2018 жыл өзіндік қиыншылықтарымен қатар, жаңа жетістіктерді еңсерді. Жаңа аурухана құрылысы 2017 жылы жүргізіліп, 2018 жылдың алғашқы күндерінде пайдалануға беріліп, аудан халқының денсаулығын нығайтуға үлкен ықпалын тигізуде.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазалы ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Аудандық орталық аурухана, оның құрамына аудандық емхана, 2 ауылдық емхана, 3 ауылдық аурухана, туберкулезге қарсы диспансер амбулаториясы, тері-жіңішке аурулар бөлімі, 15 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік бекет, 15 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 162 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу пайызы - 27,2. Оның ішінде 60 – яғни, 37 пайыз дәрігерлер біліктілік санаттарымен қамтамасыз етілген.

Аудан бойынша 758 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, тұрғындарға шаққанда қамтылу деңгейі – 134,3 пайыз. Орта буын медицина қызметкерлерінің 421 - 56 пайызында біліктілік санаттары бар.

2018 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша келесі жұмыстар жүргізілді. Көрсетілетін мемлекеттік медициналық қызметтер тізбесі барлық емдеу және алдын алу ұйымдарында көрнекі жерлерге ілінген. Емдеу және алдын алу ұйымдары бойынша 2018 жылы - 82246 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы 36905 қызмет ұсынылды. Көрсетілетін мемлекеттік медициналық қызметтер барысында тұрғындардың электронды түрде дәрігердің қабылдауына жазылуы мен дәрігерді үйге шақырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жаңа аурухана заманауи аппараттар мен озық технологиялармен жабдықталған. Аудандық аурухананың перзентхана бөлімі – перинатальды көмекті өңірлендірудің екінші деңгейіне ауыстырылды. Арнайы мамандар біліктілік жетілдіру курстарына оқытылды, стандарттарға сай құрал-жабдықтармен жабдықталды.

2019 жылдың наурыз айынан бастап Ангиограф медициналық аппараты іске қосылып, Қазалы, Арал, Қармақшы тұрғындарының денсаулық сапасын арттыруға сүбелі үлес қосатын болады. Тиісті мамандар оқытылып, облыстық медицина орталығында жұмыс орны есебінен толық тәжірибеден өткізілді.

Скринингтік бақылау жүргізу ҚР ДСМ-нің 25 желтоқсан 2017 жылғы «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық-медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» №995 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады, – деді Гүлжихан Тасеменқызы.

Сондай-ақ, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері алға қойған бірқатар міндеттерге де тоқталып өтті.

Олардың қатарында:

– 2019 жылға ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдараламасы аясында көрсетілген талаптар, ережелер және қағидаларын басшылыққа алып, алдағы уақытта атқарылатын мақсаттарды орындау;

– Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру;

– Аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында межеленген индикаторлар көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жұмыстарды жалғастыру;

– «Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу жөніндегі пилоттық жобаны енгізу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі №152 бұйрығына сәйкес кешенді медициналық ақпараттық жүйе бойынша негізгі индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізу;

– Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;

– Алғашқы медико-санитарлық көмекті модернизациялау және басымдықпен дамыту;

– Аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізу, ол үшін салааралық қызметтерді жандандыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау жұмыстарын жалғастыру;

– Аудан орталығындағы 18 мың халыққа медициналық қызмет көрсететін «Жетес би» ауылдық емханасы ғимаратының апатты жағдайда болуына байланысты уақытша басқа ғимаратқа көшіру сияқты жұмыстар бар.

Мұнан соң бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Әлішева «Қазалы аудандық ауруханасы бойынша жол карталарының орындалуы» жөнінде баяндама жасады.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-профилактикалық көмек жөніндегі орынбасары Олжас Ермекұлы аудандық денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан істерге оң бағасын беріп, бірқатар медициналық қызметкерлерді облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Алғыс хатымен" марапаттады.

Басқарма басшысының "Алғыс хатын" иеленгендердің қатарында дәрігер хирург Кенесары Баспаев, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Бағдагүл Аймағамбетова, дәрігер педиатр Әсия Ізтілеу, дәрігер акушер-гинеколог Сәуле Кутекеева, дәрігер иммунолог Айнагүл Иімбеттер бар.


30 қаңтар 2019 ж., 12:37 2 449
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам