» » Жаңа жылдан бастап дәрігерлер мен ұстаздардың жалақысы 29%-ға дейін өседі - Т.Дүйсенова

Жаңа жылдан бастап дәрігерлер мен ұстаздардың жалақысы 29%-ға дейін өседі - Т.Дүйсенова

Жаңа жылдан бастап дәрігерлер мен ұстаздардың жалақысы 29%-ға дейін өседі - Т.ДүйсеноваАСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы 7%-дан 28%-ға дейін, ұстаздардың еңбекақысы 15%-дан 29%-ға дейін, мəдениет, спорт саласында, ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген азаматтардың жалақысы орташа есеппен 40%-ға дейін өседі. Бұл туралы бүгін Астана қаласының əкімдігінде жұмысшы топқа жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіре отырып, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мəлім етті.

"2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілердің жаңа еңбекақы жүйесін енгізгелі отырмыз. Бұл жүйені енгізу - Мемлекет басшысының тапсырмасы. Осы жаңа жүйеге сəйкес, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы 7%-дан 28%-ға дейін, ал білім саласында жұмыс істейтін азаматтардың еңбекақысы 15%-дан 29%-ға дейін, мəдениет, спорт саласында, ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген азаматтардың жалақысы орташа есеппен 40%-ға дейін өседі", - деді журналистердің сұрағына жауап берген министр.

Т.Дүйсенованың айтуынша, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі əлеуметтік қызметкерлерді төрт категорияға бөліп қарастырады.

"Жалпы, бұл жүйе 2010 жылдан бастап дайындалған жүйе. Жүйе нақты қандай өзгерістер əкелді дегенге келсек, қазір қолданыстағы жүйеде дəрігер болсын, мұғалім болсын, əлеуметтік қызметкер болсын, олардың еңбек өтілі бірдей болса, олар бір категорияда тұратын. Яғни, еңбекақысы бірдей есептелетін. Бірақ əр саланың өз ерекшелігі бар, жұмыстың көлемі бар. Сондықтан жаңа жүйеге сəйкес, еңбекақыны біз төрт функционалды блокқа бөлдік. Яғни, білім саласын бір блокқа, денсаулық саласын басқа блокқа бөлдік", - деп түсіндірді министр.

Автор:Кенжекей Тоқтамұратқызы

http://www.inform.kz/kaz/article/2837705

11 қараша 2015 ж., 22:31 2 444
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам