Аудандық аурухананың бас дәрігері көпбалалы аналарға құрмет көрсетті

Мерекелік кешті аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлжихан Нысанова құттықтау сөз сөйлеп ашты.
– Бүгін мереке қарсаңында Сіздермен емен-жарқын әңгімелесіп, мерекелік тілегімізді жеткізіп, құрмет көрсетіп, сый-сияпатымызды жасау үшін бас қосып отырмыз. Сіздерді шын жүректен алдағы мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сіздер, аналар, қыз-келіншектер ақхалатты абзал жандар ретінде халықтың денсаулығының нығаюына үлкен үлес қосып келесіздер. Бүгінгі күні әйелдер қауымының қоғамда, отбасында алар орны ерекше. Және әрдайым солай болып қалары сөзсіз, – Гүлжихан Тасеменқызы.
Ақ дастархан басында ақ тілектер де ақтарылды. Олардың барлығы да қыз-келіншектер мен абзал аналарға ыстық ықыластарын жеткізді.
Мерекелік шара барысында көпбалалы аналарға сыйлық беріліп, олардың кейбіреулеріне "Алғыс хаттар" табыс етілді.
Ж.БЕК