Аудан әкімі перзентханадағы аналарды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Жас нәрестелерге өмір сыйлаған аналардың жағдайын сұраған аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы аналарға гүл сыйлап, сый-сыяпат жасады.
- Біз үшін ең бастысы нәрестелер мен аналар денсаулықтарының мықты болуы. Мереке күні дүниеге келген және келетін барлық сәбиге аман-сау болуымен қатар, айтулы ел азаматы болып өсуіне тілектеспіз. Қазақтың саны көп болсын!, - деді аудан басшысы.
Өз кезегінде жас аналар аудан басшыларына зор ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік, наурыз айының басынан бері аудандық орталық ауруханадағы перзентханада 8 ер бала, 10 қыз бала дүниеге келді.
Ж.БЕК