» » Отбасы күнінде жаңа босанған аналарға туу туралы куәлік тапсырылды

Отбасы күнінде жаңа босанған аналарға туу туралы куәлік тапсырылды

15 мамыр күні – Халықаралық отбасы күніне орай аудандық аурухананың перзентхана бөліміндегі жаңа босанған аналарға сәбилерінің туу туралы куәлігі салтанатты түрде табыс етілді.

Баланың туу туралы куәлігін рәсімдеу бұл ата-аналар үшін өте маңызды. Ал, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен халыққа қызмет көрсету орталығы бірлесе ұйымдастырған құжат табыстау рәсімі ерекше өтті. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жетекші маманы Сайлыбек Шалбасов, Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Айымкүл Ещанова және халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Руслан Айхожаев жас аналарды осынау маңызды күнмен құттықтап, қолдарына салтанатты түрде туу туралы куәліктерді ұстатты.

Сонымен қатар жас босанған аналарға «Отбасында сәбиге күтім жасау», «Нәрестелердің дұрыс тамақтануы», «Отбасында ерте жастағы балаларға күтім жасау» тақырыптарында ақпараттық-әдістемелік жадынамалар таратылды.

Өз кезегінде жас аналар осынау айтулы мерекеде қуаныш сыйлаған қос бөлімнің мамандары мен перзентхананың қызметкерлеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ж.БЕК
15 мамыр 2019 ж., 19:15 1 717
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам