» » Мейірбикелер байқауының жеңімпазына 50 мың теңгенің сертификаты табысталды

Мейірбикелер байқауының жеңімпазына 50 мың теңгенің сертификаты табысталды

Бүгін Р.Бағланова атындағы аудандық мəдениет орталығында мейірбикелер күніне орай орта буын медицина қызметкерлері арасында "Мамандығы бойынша өз ісінің үздігі" атты сайыс өтті. Байқауға Қазалы ауданаралық ауруханасына қарасты медицина мекемелерінің 6 мейірбикесі қатысты.

Алдымен сахна төріне көтерілген аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов көпшілікті 12 мамыр – халықаралық мейірбикелер мерекесімен құттықтап, олардың адам өмірін аман сақтап қалудағы ерен еңбегін ерекше атап өтті. Мерейлі күні өз міндетін орындауда мінсіз қызметімен көзге түскен мейірбикелердің бірқатарын облыс және аудан әкімінің "Алғыс хатымен" марапаттады.

Аудандық медицина қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Алданазар Табынов та құттықтау сөз сөйлеп, бірнеше қызметкерге Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері мен кәсіподақ тарапынан берілген бағалы сыйлықтарды тапсырды.

Мұнан соң сахна төріне орталық аурухананың мейіркеші Әлия Сүлейменова, орталық емхананың атынан Күләш Қартабаева, "Жалаңтөс" дәрігерлік амбулаториясының әлеуметтік мейіркеші Жұлдызай Убайдуллаева, "Жетес би" дәрігерлік амбулаториясының зертханашысы Әсем Рахат, "Бозкөл" дәрігерлік амбулаториясының фельдшері Тоқтар Әлімжан, "Шипагер" дәрігерлік амбулаториясының мейіркеші Индира Исмагулова көтеріліп, өз өнерлерін ортаға салды.

Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Гүлжихан Нысанова бастаған әділқазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін "Таныстыру", "Өз өнерін көрсету", "Сұрақ-жауап" және "Мен өз саламдағы жұмысымды жаңғырту үшін қандай жаңалық енгізуім керек" деген сияқты аталымдары бойынша сарапқа салды. Аталған сынақтардан сүрінбей, өзгелерден өнерімен де, білімімен де дараланған Әлия Сүлейменова байқау жеңімпазы атанды. Байқауға қатысушыларды мерекемен құттықтаған бас дәрігер Гүлжихан Тасеменқызы жүзден жүйрік шыққан орталық аурухананың мейіркешіне 50 мың теңгенің сертификатын табыс етті. Өзге қатысушыларға жарысқа белсенді қатысқандары үшін ынталандыру сыйлықтары берілді.

Айта кетейік, шараның өз деңгейінде өтуіне мәдениет саласының майталманы, Бүкілодақтық әншілер фестивалінің лауреаты, "Қазалының Левитаны" атанған Кенже-Әлі Асқар лайықты үлесін қосты.
Ж.БЕК

17 мамыр 2019 ж., 19:45 2 621
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам