Жаңа жедел жәрдем көліктері берілді

Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Гүлжихан Нысанова «А» класына жататын автокөліктердің кілттерін Ақтан батыр, Бозкөл және Әйтеке би кентіндегі «Жетес би» ауылдық емханаларына табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кез келген уақытта сақадай сай тұрып, науқастарға қарай құстай ұшатын көліктердің орны бөлек. Жаңа көліктер халыққа қызмет ету сапасының жақсаруына игі әсер етеді. Әрбір көлік жылына шамамен мыңдаған шақырым жол жүреді, сондықтан тез тозады.
Қазалы ауданаралық ауруханасының әкімшілігі
