» » ҚАЗАЛЫДА АЛҒАШ РЕТ ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА ОТА ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

ҚАЗАЛЫДА АЛҒАШ РЕТ ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА ОТА ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазалы ауданаралық ауруханасында алғаш рет жаңа технологиялармен жабдықталған «Ангиограф» аппаратының көмегімен жүрек қан тамырларына ота жасалды.

Бұл күні жергілікті дәрігерлер облыстық медицина орталығының рентген-эндоваскулярлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Исмаиловтың жетекшілігімен 4 науқасқа күрделі ота жасады. Операция үстінде білікті маман аудандық аурухана дәрігерлері Кенесары Баспаев, Аян Қазиұлы, фельдшер Қаскырбай Молдабаев, мейіркеш Әлия Сүлейменова, рентген лаборант Ғалымжан Жайылқановтарға бар білгенін үйретті.

Айта кетейік, кеше Қазалы ауданаралық ауруханасында «Medtronik» ЖШС арқылы мемлекеттік жеке серіктестікпен алынған «Ангиограф» медициналық аппараты іске қосылған болатын. Бұл заманауи құрылғы елімізде аудандық деңгейде алғаш рет Қазалыда орнатылып отыр. Осы аппараттың көмегімен енді біздің дәрігерлер Арал, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

Ол үшін тиісті құжаттар дайындалып, ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, дәрігерлер Нұрлан Алмат, Кенесары Баспаев, Аян Қазиұлы А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығынан қайта даярлау курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірді. Мұнан соң олар облыстық медицина орталығының жұмыс орны есебінен тәжірибе алмасты.



Қазалы ауданаралық ауруханасының әкімшілігі

10 қыркүйек 2019 ж., 21:29 1 715
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам