Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасының 2026 жылдың 5 айлық жұмысы туралы қысқаша ақпарат
Аурудың алдын алу – басты міндетҚазалылықтар арасында профилактикалық мәдениет қалыптасуда. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде». Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының өз денсаулығына деген жауапкершілігі артып, емханаға тек ауырғанда ғана емес, алдын ала тексерілу үшін келетіндердің үлесі артқаны байқалады.
5 ай ішінде дәрігерлерге қаралғандардың жалпы саны 172 874 қаралымды құрады. Оның ішінде профилактикалық тексерілу: 76 593 қаралым (44,3%). Өткен жылмен салыстырғанда (38,6%) денсаулықты алдын ала тексерту көрсеткіші айтарлықтай өскен.
Аудан бойынша 53 883 тұрғынға қызмет көрсететін 36 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақ 100% маманмен қамтылған.
Уақытылы жасалған скрининг пен профилактикалық тексеріс – ұзақ өмірдің кепілі. Денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз!
5 айда 150 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Бүгінгі таңда медициналық қызмет алу үдерісі жылдан жылға жеңілдеп, цифрлық форматқа көшіп келеді. Қазалы аудандық емханасы бойынша 2026 жылдың 5 айында тұрғындарға барлығы 150 667 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Есепті кезеңдегі маңызды бағыттарға тоқталып өтсек, дәрігер қабылдауына жазылу – 107 461 қызмет. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдеп, кезексіз қызмет алуына жағдай жасайды. Еңбекке жарамсыздық парақтары мен анықтамалар заңды түрде рәсімделді. Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмек шеңберінде ауруханаға жатуға жолдамалар берілді...
697 азамат алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өтті, ал 220 жүргізуші көлік басқаруға рұқсат анықтамасын алды.
Біз әрбір мемлекеттік қызметтің ашық, сапалы әрі заң аясында жылдам көрсетілуін тұрақты бақылауда ұстаймыз. Емхана қызметін электронды түрде (eGov немесе Damumed қолданбалары арқылы) белсенді пайдалануға шақырамыз!








