» » Профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу

Профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу

"Профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу" туралы санитарлық-эпидемиологилық  ережелермен нормалар тиімді және қауіпсіз иммундауды қамтамасыз ету үшін,  халыққа аурудың алдын алуға бағытталған егу жұмыстарын  жүргізетін медициналық ұйымдарға арналған негізгі талаптарды қамтиды.
Екпені жасау үшін ұйымдасқан және ұйымдаспаған балалар контингенті арасында  жұқпалы ауруларды төмендету және оларды басқару мақсатында халық санағын жүргізгеннен кейін балаларды аурудың алдын алуға бағытталған егу жұмыстарымен толық қамту үшін екпелер жоспарланады. Жоспарланған кесте бойынша  ай сайын балалардың өсуі туралы ақпарат жиналып, медициналық көрсеткіштер бойынша егілмейтін балалардың санын анықтап, екпе жұмыстары жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 30.02.2009жылғы "Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүрізу ережесін жіне халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы'' №2295 Қаулысын басшылыққа ала отырып, егілуге тиісті мақсатты топтағы балалар жасына сай жоспарланып, жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде. Біздің Үлттық егу күнтізбесі бойынша сәбидің алғашқы күндерінен-ақ басталады. Себебі сәбидің қанына анасының жүктілігі кезіндегі құрсағынан антиденелер енеді. Сондықтан сәбидің кейбір инфекцияларына шалдыққан кезінде бала туылған сәттен бастап(гепатитИ және туберкулез дертінен) екпе жасатқан жөн, өйткені сәби сондай инфекцияларға қарағанда мүлдем қорғаусыз дүниеге келеді. Мысалы, БЦЖ 2020 жылы туылған балалар арасында 100 пайыз жоспарланп, өз дәрежесінде жүргізілуде. Басқа жағдайларда, мысалы, туылғаннан кейін 6-12 ай өткеннен кейін, қызылша мен қызамық ауруларына антиденелердің концентрациясы азаяды. Сондықтан балаға 12 айдан бастап қызылша мен қызамық ауруларынан екпені егу керек. Вакцинация қаншалықты ерте басталса, соншалықты сәби инфекциялық ауруларға шалдықпай, оның иммунитеті өнделе басталады. Халық арасында екпенің қажеттілігі жайында, оның баланың денсаулығы үшін  маңызды екендігі жөнінде ақпараттар берілуде.
04 мамыр 2020 ж., 15:25 1 730
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам