» » Химиотерапия және сәулелік терапия қабылдаған әйелдер де енді балалы бола алады - Д. Қайдарова

Химиотерапия және сәулелік терапия қабылдаған әйелдер де енді балалы бола алады - Д. Қайдарова

Химиотерапия және сәулелік терапия қабылдаған әйелдер де енді балалы бола алады - Д. Қайдарова 
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Онкологиялық дертке шалдығып, химиотерапия және сәулелік терапия қабылдаған әйелдер де енді балалы бола алады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының бас онкологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Диляра Қайдарова мәлім етті.

«Біз бұл нағыз инновациялық әдісті жапондық ғалымдармен бірлесіп енгіздік. Олар өткен жылы Алматыға келген болатын. Енді әйелдердің аналық жасушасын алып, арнайы құрылғыда белгілі бір мерзімге тоңазытуға болады. Яғни, егер әйелге қатерлі ісік диагнозы қойылатын болса, біз оған химиотерапия және сәулелік терапия емдеу әдістерін қолданбай тұрып, оның аналық жасушасын тоңазытуға алып қоя аламыз. Кейін, әйелге толыққанды емдік шаралар қолданылады. Егер бес жыл ішінде ауру қайталанбайтын болса, онда аналық жасушаны әйелдің өзіне немесе оған бала туып беруге дайын суррагат анаға салып береміз. Яғни, қалай болғанда да ана бала сүю бақытына ие бола алды», - деді Д. Қайдарова.

Сонымен қатар, ол Алматы онкологиялық орталығында ТМД аумағында тұңғыш рет интероперациялық сәулелі терапия тәсілі енгізілгендігін жеткізді.

«Бұл операция барысында сәуле қатерлі ісікке дәл бағытталады. Оның айналасындағы басқа ағзаларға ешқандай зиян келмейді. Сондай-ақ, тағы бір инновациялық әдіс - пластикалық-қайта қалпына келтіру отасын енгіздік. Бізде қазір скринингтердің арқасында аурулар алғашқы сатысында жиі анықталып жатыр. Сол себепті енді аналардың сүт безін сақтап қалуға болады немесе пластикалық-қайта қалпына келтіру отасы арқылы оны жасанды ұлпамен алмастыра аламыз. Яғни, ота барысында әйел сүт безімен ұйқыға кетіп, сүті безімен оянады», - деді Д. Қайдарова.

Айта кетелік, 2015 жылы Алматыда 70 интероперациялық сәулелі терапия жасалған. Ұлттық скринингтер және қатерлі ісік ауруларының алдын алу шаралары арқасында Алматыда 2015 жылы ерте бастан диагноз қою - 62,8 пайызға артты.

 

http://www.kazinform.kz/kaz/article/2867676

07 ақпан 2016 ж., 17:05 1 755
Сенім телефоны

+7 (72438) 27796

Аудандық аурухананы қабылдау

+7 (72438) 27793

Аудандық емхана тіркеулу

+7 (72438) 22533

Саll-орталығы

+7 (7242) 400001

Мемлекеттік қызметтер

  • Сайт президента
  • Акимат Кызылординской области
  • Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
  • Egov
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Жаңғыру 30
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам